ТМД Желілік университетінің Үйлестіру кеңесінің отырысы. Ынтымақтастық перспективалары

Білім кеңістігінің жаһандануы мен жоғары оқу орындарының интеграцияға және оқыту сапасын арттыруға ұмтылуы жағдайында қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша маман дардаярлау сұранысқа ие және прогрессивті болып табылады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да бұл бағыт, соның ішінде, құрамына біздің ЖОО 2018 жылы енген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының желілік университеті (ТМД СУ) аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бірлескен жобалар Кубань мемлекеттік технологиялық университетімен және Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеті мен жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД СУ 2008 жылы Ресей халықтар достығы университетінің бастамасымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекет аралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен құрылған болатын. Желілік университет Консорциум құқығында жұмыс істейді, ол Достастық елдерінің университеттерінің тең құқықты әріптестігін білдіреді. Дайындық магистратураның жалпы 31 бағыты бойынша жүргізіледі. Білім алушылар бір уақыт ішінде бір денекі магистр дипломын алуға мүмкіндіктері бар, бұл өз кезегінде Достастық елдерініңең бекнарығында ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарықта да олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Осы аптада ТМДСУ Үйлестірукеңесінің онлайн-отырысы қатысушы жоғары оқу орындарының, билік пен ведомстволардың өкілдерімен өтті. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды ректор м. а Ербол Исақаев таныстырды.

Күн тәртібінде 2019-2020 жылдарға қабылдау кампаниясының нәтижелері және қолданыстағы эпидемиологиялық жағдайында 2020-2021 жж. Қабылдау науқанының қорытындысы, алдағы оқу жылына арналған ТМД СУ жұмысының жоспар-кестесін бекітутақырыптары талқыланды.

Сондай-ақ консорциумға жаңа мүшелердің қосылу перспективалары қарастырылды. Бүгінде оның құрамына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстанжәне Украина елдерінен 38 жетекші ЖОО кіреді. Біздің оқу ордамыздан басқа, ТМД СУ-дың құрамында тағы 5 қазақстандық университет бар.

ТМД Атқарукомитетінің, Ресей СІМ өкілдері, ТМД-ға мүше мемлекеттердің елшіліктерінің дипломаттары өз тәжірибелерімен және ынтымақтастық туралы көз қарастарымен бөлісті.

Жоба Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін құруға, "қосылған оқытуды" ұйымдастыруға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа нысандарын іздеуге, жоғары сапалы бірлескен магистрлік бағдарламаларды іске асыруға, магистранттар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту  үшінтетіктер жасауға, диссертацияларды дайындау барысында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған.

17.06.2020