Бүгінгі университет

  1. Оқу үдерісі
  2. Профессорлық-оқытушылар құрамы
  3. Менеджмент жүйесі
  4. Ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық ынтымақтастық
  5. Тәрбие жұмысы
  6. Материалдық-техникалық база

               Оқу үдерісі               

Университет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарына сәйкес жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін  ұсынады. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Болон декларациясы және басқа да білім беру саласындағы халықаралық құжаттарға сәйкес "бакалавр-магистр-PhD докторы" үш сатылы жүйе бойынша мамандар даярланады. Университет 2004 жылдан бастап студенттерге жеке білім беру траекториялары мен оқытушыларды таңдау құқығын қамтамасыз ететін кредиттік оқыту технологиясын жүзеге асыруда.

Университет бакалавриаттың 47 мамандығы, магистратураның 23 мамандығы, PhD докторантурасының 4 мамандығы бойынша мамандар даярлайды. 15 мамандық бойынша қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқыту жүргізіледі. Бүгінгі таңда студенттердің сандық құрамы - төрт мыңға жуық.

Университетте Тіркеуші офисі, эдвайзерлер қызметі, оқу-әідстемелік және инновациялық іс қызметі, сапа менеджменті қызметі, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар орталығы жұмыс істейді. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған студенттердің, ПОҚ-тың, жұмыс берушілердің сауалнамасы, сабақ жүргізу сапасының мониторингісі тұрақты түрде жүргізіледі.     

1988 жылы Болоньеде қабылданған "Magna Charta Universitatum" университет хартиясында қалыптастырылған іргелі ұстанымдарға сәйкес университет еуропалық жоғары білім беру стандарттары бойынша кадрларды даярлайды.

Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында Дублин дескрипторлары, білім деңгейлерінің біліктілік шеңберлері мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес университетте модулдік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Олардың ерекшелігі жеке білім беру траекториясын құру, білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке алу мүмкіндігінде. 

Мемлекеттік тілде кадрлар даярлау, білім алушылар мен ПОҚ-тың шет тілдерін меңгеруі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын көптілді білім беруді дамыту және лингвистикалық құзырет қалыптастыру мақсатында ПОҚ пен студенттер үшін тегін ағылшын және қазақ тілдерін қосымша оқыту курстары ұйымдастырылады. Төрт жыл бойы білім алушыларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде даярлау эксперименті іске асырылуда.

Мемлекеттік шетел қазақ диаспорасының өкілдерін қолдау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында екінші жылы басқа елдерден келген тыңдаушылар үшін даярлық бөлімі жұмыс істейді.

Мемлекеттік "Мәңгілік ел жастары - индустрияға" "Серпін-2050" бағдарламасы шеңберінде университет еліміздің оңтүстік өңірлерінің талапкерлерін оқуға қабылдауда.

Оқуға деген мотивацияны ынталандыру мақсатында университетте жыл сайын білім алушылар үшін академик Манаш Қозыбаев атындағы және университет ректорының гранттары бөлінеді. 

Заманауи өндіріс жағдайында кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін студенттердің барлық тәжірибе түрлері облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен жасалған келісімшарттар негізінде ұйымдастырылады. Корпоративті серіктестер тәжірибеленушілердің мамандануына сәйкес іріктеледі. Тәжірибе базалары ретінде зертханалар да пайдаланылады. Оқу тәжірибелері арнайы полигондар бар "Мирас" оқу-өндірістік сауықтыру кешені мен қала сыртындағы агробиостанция (АБС) негізінде өткізіледі. 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі білім беру оқытудың жаңа үлгілерімен және әдістерімен, оның ішінде автоматтандырылған үйретуші жүйелерді, автоматтандырылған жобалаудың және реттеудің оқу-зерттеу жүйелерін, автоматтандырылған талдау және жобалау жүйелерін пайдалануға негізделетін ақпараттық технологиялармен үйлесетін университеттің жаңа моделі қалыптастырылады.

Университетте білімді ақпараттандыру саласындағы озық әзірлемелердің бірі болып табылатын және білім беру үдерісін басқарудың барлық негізгі құрамдас бөліктерін жүзеге асыратын "Электронды ректорат" ЖОО басқарудың ақпараттық-талдау кешені енгізілген. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 2004 жылдан бастап білім беру қызметін көрсету сапасы мен виртуалды оқыту тиімділігін арттыру мақсатында ЖОО ақпараттық-білім беру ортасының интерфейстік қондырмасы - оқу порталы жұмыс істеп, дамуда. e-Learning NKZU қашықтықтан оқытуды басқару жүйесі енгізілген.

2013 жылы университет ASIIN неміс агенттігінде 3 мамандық бойынша халықаралық аккредиттеуден өтті: 5В071800 Электр энергетикасы, 6М071800 Электр энергетикасы, 5В071600 Аспап жасау. 2015 жылы осы агенттікте 5 мамандық аккредиттеуден өтті: 5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6М071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 5В070300 Ақпараттық жүйелер, 6М070300 Ақпараттық жүйелер, 5В011100 Информатика. Аталмыш мамандықтардың түлектері "EUR-ACE® Бакалавр" және "EUR-ACE® Магистр" сапа белгілері бар еуропалық үлгідегі диплом қосымшасын алады. Бұл белгі бағдарламалардың жалпы еуропалық талаптарға сәйкес келетінін растаушы ретінде беріледі.

2014-2015 жылдары ЖОО Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде институционалдық аккредиттеуден және 53 мамандық аккредиттеуден өтті.

2013 жылы QS World халықаралық рейтингтік компаниясы Қазақстанның жоғары оқу орындарының сынамалы зерттеуін жүргізді. Осы рейтинг қорытындысы бойынша университет "Инженерия және технология" даярлау бағыты бойынша Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының бестігіне енді.

Университет жұмысының маңызды бағыты білім алушылардың академиялық ұтқырлығыны орнату және оны әрі қарай дамыту. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ серіктес-жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтарының деректер қоры, сондай-ақ, университет білім алушылары, ПОҚ-ы мен қызметкерлеріне арналған республикалық және халықаралық шәкіртақылық бағдарламалардың деректер қоры құрылды.

 Университеттің ғылыми кітапханасы - Қазақстан жоғары оқу орындарының ең ірі кітапханаларының бірі. Кітапхана кешенінің қоры 1100000-дан артық дананы құрайды. Қордың құрылымы мазмұнына қарай әмбебап. Онда отандық және шетел баспаларының оқу, ғылыми, көркем әдебиеттері, аудиовизуалды және электронды құжаттар бар.  Кітапхананың жалпы қорында қазақ тіліндегі әдебиеттер саны - 130 мыңға жуық дана. Жыл сайын кітапхана жедел ақпарат алудың негізгі көзі болып табылатын отандық және шетел мерзімді баспаларының атауларына көптеп жазылады. Кітапхана кешеніне 7 абонемент, 9 оқу залы, каталогтар залы, ХҮІІІ-ХХ ғғ. 4 мыңнан астам сирек кездесетін кітаптарының бірегей жинағы бар сирек кездесетін әдебиеттер бөлімі кіреді. 

Білім алушылар мен ПОҚ жергілікті электронды ресурстарға, "Лань" баспасының электронды-кітапханалық жүйелеріне, Thomson Reuters толық мәтінді қашықтағы ресурстарға, Электронды кітапханаға www.biblio-online.ru, Polpred.com қашықтағы деректер қорына, Жоғары оқу орындары кітапханаларының консорциумы, Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы, Республикалық жооаралық электронды кітапхана секілді қазақстандық ақпараттық орталықтардың толық мәтінді қашықтағы ресурстарына кіре алады.

               Профессорлық-оқытушылар құрамы               

Профессорлық-оқытушылар құрамы зерттеуші университет миссиясын қамтамасыз етудегі және міедеттерін жүзеге асырудағы негізгі ресурс болып табылады. Осыған байланысты университет кадрларды іріктеу, даярлау және қайта даярлауға ерекше көңіл бөледі.

Оқытудың сапасын арттыру, өндіріспен өзара тығыз байланысты қамтамасыз ету үшін ғылым кандидаттары, тиісті салалардың мамандарын қызметін қоса атқарушы ретінде университетке жұмысқа шақырылды.

Университетте ПОҚ пен қызметкерлерді ынталандыратын тұрақты жүйе бар: рейтинг қорытындысы бойынша ПОҚ-ты материалдық жағынан мадақтау жүйесі, басшылық тарапынан  алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттау, айтулы оқиғаларға байланысты материалдық сыйақылар, кураторлық төлем жүйесі, медициналық қызмет кешені, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды ынталандыру жүйесі.

Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру ағымдағы жылдың біліктілікті арттыру кестесі негізінде жүргізіледі.

Әр түрлі курстарды өткізуге облыс пен қаланың  мемлекеттік және ведомстволық мекемелерінің мамандары тартылады, қажет болған жағдайда ҚР басқа қалаларының және таяу шет елдердің арнайы мамандары біліктілікті арттыру бағдарламасын қамтамасыз етеді.

ЖОО-да оқытушылардың біліктілігін арттырудың басты бағыты - жаңа педагогикалық және заманауи ақпараттық технологияларды дамыту. ЖОО-да оқу үдерісінде инновациялық әдістер мен тәсілдерді, интерактивті әдістерді қолдану бойынша әрдайым мастер-кластар өткізіледі. Мастер-класстың ұйымдастырылуына университеттің аса тәжірибелі және белсенді оқытушылары қатысады. 

               Менеджмент жүйесі               

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастырушылық-басқару құрылымы стратегиялық мақсаттарды және тиімді басқаруды жүзеге асырады, қабылданған шешімдер үдерісінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Университеттің алқалы басқару органдары болып Ғалымдар кеңесі, оқу-әдістемелік кеңес пен ғылыми кеңес табылады. ҚР БҒМ мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмылдырылуымен корпоративті басқарудың базалық құрылымы ретінде Қамқорлық кеңесі жұмыс істейді. 

Университет басқару жүйесінің дамуы бүгінгі кезеңде стратегиялық жоспарлаудың дамуына, менеджменттің заманауи әдістерін қолдануға, сапаны жан-жақты бағалауға, корпоративті оқыту және үздіксіз жақсартуға бағытталған. 

ЖОО-да стратегиялық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып білім беру қызметінің сапасы бойынша негізгі міндеттемелер көрсетілген Сапа саласындағы саясат табылады. ЖОО-ның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің орындалуы жыл сайын құрылымдық бөлімшелердің барлық атқарған жұмыс деңгейінен, нақты әрекеттер, жауаптылар мен мерзімі көрсетілген шаралардың жоспарынан көрінеді.

2005 жылы Қазақстандағы алғашқы 10 ЖОО-ның бірі болып университет сапа менеджмент жүйесін (СМЖ) енгізді, сертификаттаудан өтіп, оны әрі қарай дамытуда. Бұл жүйе бірінші кезекте білім беру, тәрбие, ғылым ортасын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу үдерісін ұйымдастыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізудің, студенттің оқу сапасын арттырудың, заңнамалық талаптарды сақтаудың, сондай-ақ, сыртқы бағалау рәсімдерін дайындаудың қуатты құралы болып табылады. СМЖ саласына жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі кіреді. Бүгінгі күні ЖОО-ның басқаруында 31 бизнес-үдеріс белгіленіп, құжаттандырылған, олардың көрсеткіштерінің мониторинг жүйесі енгізілген.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өз қызметін жетілдіру үшін өзін-өзі бағалаудың түрлі үлгісін қолданады: аттестаттау, институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуге дайындық барысында өзін-өзі бағалау, білім беру бағдарламаларын рейтингтік агенттіктердің критерияларына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау. ЖОО-да ішкі аудит рәсімі енгізіліп, табысты жұмыс істеуде. 20-дан астам сертификаттаудан өткен мамандар жүйелі түрде тексеріс жүргізеді. 2005 жылдан бастап тұтынушы мониторинг жүйесі енгізілді: жүйелі түрде оқытушы, қызметкер, жұмыс беруші, студенттер, олардың ата-аналарының сауалнамасы жүргізіледі. Ақпараттық қолдау мақсатында Web-сауалнама жүйесі әзірленіп, қолданысқа енгізілді.

Қызметкерлер құрамының құзыреттілігін арттырудағы шаралардың бірі - жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Сапа апталығы. Апталық бағдарламасына ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ақпараттық және ғылыми-әдістемелік семинарлар, кітаптар мен журналдардың көрмелері, дөңгелек үстелдер, флеш-мобтар және ашық сабақтар енгізіледі. Сапа апталығындағы шаралардың тақырыптары қазіргі мәселелерді қамтиды.

Университет тәжірибесі менеджмент сапасын жетілдіруде таңдалынып алынған бағыттың сапалы білім беруді, қызмет тиімділігін арттыруды, тұтынушы сұранысының қанағаттандырылуын, университеттің абыройы мен бәсекелестікке қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.

                Ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық ынтымақтастық               

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми жұмыс "Қазақстан-2050" стратегиясына, ҚР "Ғылым туралы", "Білім туралы" заңдарына, стратегиялық даму жоспары мен ҒЗЖ жылдық жоспарларына сәйкес, Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеген басым бағыттардың есепке алынуымен жүзеге асырылады.

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі бәсекеге қабілетті ғылыми әзірлемелер жасауға, еліміз бен Қазақстанның солтүстік өңірінің индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыруда ат салысуға, инновациялар және ғылыми зерттеу нәтижелері мен жаңа технологияларды енгізу арқылы жоғары білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Университте келесі бағыттар бойынша жоғары деңгейлі ғылыми зерттеулер жүргізіледі: археология, астрофизика және Жерді қашықтықтан бақылау; білім беру үдерісіндегі ақпараттық технологиялар; өсімдік шикізаттары негізіндегі дәрі-дәрмектер; машиналар механикасы және робототехникалық жүйелер; педагогика; ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау; филология; философия; жоғары молекулярлы қоспалар химиясы; экология; энергия үнемдеуші технологиялар және энергия экологиясы және т.б.

2014 жылы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, қолда бар ғылыми әлеуетті тиімді және оңтайлы пайдалану мақсатында, сондай-ақ, аймақтың түрлі құрылымдары мен университет ғалымдары арасында байланыс орнату үшін, жобаларды жүзеге асыру үшін, еліміздің ғылыми-технологиялық даму басымдықтарына сәйкес перспективті әзірлемелер жасау да қолайлы жағдайлар жасау үшін Ғылыми-технологиялық парк құрылды. Оның құрамына 7 ғылыми орталық пен 12 ғылыми-зерттеу лабораториялары кіреді.

Ғылыми орталықтар: "Астрофизикалық зерттеу орталығы", "Археологияның оқу-ғылыми орталығы", "Этномәдени зерттеулер орталығы", "Экологиялық зерттеулердің ғылыми-білім беру орталығы", "Оқу-ғылыми-консалтинг орталығы", "Қазақстан тарихын зерделеу бойынша ғылыми орталық", "Аймақтық су орталығы".

Ғылыми-зерттеу лабораториялары: Өсімдік және биологиялық белсенді қоспалар химиясы; зерттеудің физика-химиялық әдістері лабораториясы; биологиялық химия лабораториясы; органикалық синтез лабораториясы; археологиялық зерттеулер лабораториясы; "Білім беру мекемелерінде математиканы оқытуды жетілдіру" лабораториясы; "Әлеуметтік-экономикалық үдерістерді математикалық үлгілеу" лабораториясы; жаңа биопрепараттар лабораториясы; роботты техника, микроэлектроника және энергоэкология бойынша инженерлік лаборатория; "Роботты техника жүйелерін математикалық үлгілеу және жобалау" лабораториясы; функционалдық бейімдеудің ғылыми-зерттеу лабораториясы; ауыл шаруашылығы өнімін өндіру инновациялық технологияларының оқу-ғылыми лабораториясы.

Технологияларды коммерциялау инновациялық жобалардың талап етілуі мен практикалық жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық үдерістің маңызды сатысы болып табылады. Университетте М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін кезең-кезеңмен енгізу жоспары бекітілген. Білім және ғылымда коммерциялау орталығы құрылды.

ЖОО әлемдік ғылыми, білім беру және мәдени кеңістікке бірігу және таяудағы және шалғайдағы шет елдердің халықаралық ұйымдарымен және 73 жоғары оқу орнымен ынтымақтасу жөнінде жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл елдердің қатарына келесілер енеді: Ресей, Беларусь, Украина, Литва, Латвия, Қырғызстан, Түркия, Польша, Венгрия, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Финляндия және АҚШ.

Халықаралық университет имиджін қалыптастыру мақсатында Еуропалық университеттер қауымдастығына ену үшін өтінім дайындалды.  

               Тәрбие жұмысы               

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, біртұтас аса мәдениетті және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға ретінде қалыптастыру, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, қоғамдық-саяси белсенділігін дамыту, азаматтық қатысу деңгейі мен көшбасшылық дағдыларын арттыру, рухани адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дарынды жастарды қалыптастыру университет тәрбие жұмысының басым бағыттары болып табылады.

Факультеттерде, тіл және әдебиет институтында тәрбие жұмысы факультет декандарының/институт директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен және эдвайзерлермен қадағаланады. Студент-жастар арасында ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған  жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру және елдің индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік басым бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізіліп, конференциялар, дөңгелек үстелдер және кездесулер өткізіледі.

"100 нақты қадам" ұлт жоспарын орындау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. "Мәңгілік ел" жалпыхалықтық идеясы түсіндіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Университеттің студенттері мен қызметкерлері жыл сайынғы облыстық іс-шараларға қатысады, атап айтқанда: ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған Патриоттар форумы, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Жастар форумы, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар, Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған жастар науқаны. Университет қабырғасында облыстық, қалалық Форумдар, көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесулер, қоғамдық маңызы бар күндер мен оқиғаларға арналған конференциялар өткізіледі. 

2014 жылдан бастап "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" әлеуметтік жобасының "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен тәрбиелік іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Тәрбие жұмысының басты бағыты болып студенттің өзін-өзі басқаруын дамыту табылады. ЖОО Жастар ісі жөніндегі комитет "ЖІК", студенттік кәсіподақ комитеті жұмыс істейді. Студенттерді басқаруға араластыру, өздері жеке шешімдер қабылдау үлгілерінің бірі болып факультеттерде Өзін-өзі басқару күндерін, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын, жатақханаларды тексеру бойынша рейдтер, жатақханадағы үздік бөлмелер, жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік плакаттар сайыстарын және т.б. іс-шаралар өткізу табылады.

Студенттердің ынталары бойынша түрлі шығармашылық бірлестіктер мен үйірмелер, студенттік ғылыми қоғамдар, "Анарыс", "Жігер" пікірталас клубтары, "ДЖЭМ" педагогикалық жасағы, "Нұр Ару" гендерлік клубы жұмыс істейді.

Студенттер клубына жыл сайын 2000 студент тартылады, ынталар бойынша үйірмелер мен клубтардың жұмысы ұйымдастырылған. Клуб қызметі студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға және оларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетін мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізуге бағытталған. Клубтың құрамында "Шаңырақ", "Пилигрим" және "Кривое зеркало" секілді халықтық студенттік театрлар, "Антурнан" заманауи хореография ансамблі, "Шертер" халықтық ансамблі бар. ЖОО студенттік хоры, шығармашылық бірлестіктері - вокалдық және хормен ән айту, театр өнері байқауларының лауреаттары және жеңімпаздары.

ЖІК, студенттердің кәсіподақ комитеті "Жас Отан жастар қанаты және "Нұр Отан" партиясының "Болашақ" филиалының белсенді студенттерімен бірге азаматтық-патриоттық тақырыптарда іс-шаралар өткізеді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде "Таза сессия" жобасы, "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" акциясы, плакаттар байқаулары, сауалнама өткізіледі. ЖОО базасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша департаментімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру бойынша студенттермен кездесулер өткізіледі. Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен заңнама нормаларын түсіндіру, жастардың құқық саласында сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізіледі. ЖОО студенттік өзін-өзі басқаруы Жастар бастамалары орталығымен, облыстың жастар ұйымдарымен өзара байланысады. 

Жоғары мораль және адамгершілік, отбасыдағы тәрбие, ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауды насихаттауға бағытталған өзін ұстау мәдениеті мен тұлғааралық қатынасқа тәрбиелейтін рухани адамгершілік сипаттағы іс-шаралар өткізілді.

Университет "Жасыл ел" облыстық штабымен және СҚЖ-мен бірге студенттік еңбек жасақтарын құрады. Студенттер қаламыз бен облысымыздың құрылыс ұйымдарында еңбек етеді, ағаш отырғызу жұмыстарына жұмылдырылады. 2014 жылы ЖОО студенттік құрылыс жасағы Петропавл қаласының "Назарбаев зияткерлік мектебі" құрылысында жұмыс істеді. 2014 және 2015 жылдары ЖОО облысымыздың білім беру мекемелері арасында "Жасыл ел" және СҚЖ бағдарламасына белсенді қатысқаны үшін көшбасшы атанды. 

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да бірнеше этностардың өкілдері білім алады. 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды. толеранттылық пен конфессияаралық келісімге тәрбиелеуге арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, куратор сағаттары; Дін істері басқармасының, түрлі діни конфессиялардың, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Этносаралық келісім, конфессияаралық толеранттылық, діни экстремизмнің түрлі көріністеріне қарсы әрекет ету мәселелері талқыланады.

Спорттық-сауықтыру жұмысы және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбие жұмысының, студенттер мен ПОҚ-тың бос уақытын ұйымдастырудыі маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Жыл сайын студенттік спартакиадаларды, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында "Сергектік және денсаулық" спартакиадасын, жатақханада тұратын студенттер арасында спартакиада, сондай-ақ, маңызды күндерге арналған спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыратын "Сұңқар" спорт клубы жұмыс істейді. Тегін спорттық-сауықтыру үйірмелері жұмыс істейді.

ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Универсиада шеңберінде университет құрамасы бес жыл қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үшінші жүлделі орында. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жүзу бассейні Қазақстанның жоғары оқу орындарының Универсиадасы шеңберінде жүзуден жарыстар өткізу үшін негізгі орын болып табылады.

Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған университте бірегей дәрігерлік пунктінің болуымен өмірдің маңызды әлеуметтік жағдайларының бірі жүзеге асырылады. Ол - қамқор болу және денсаулықты сақтау. Дәрігерлік пункт студенттерге, университеттің оқытушылары мен қызметкерлеріне тегін медициналық қызмет көрсетеді, терапевт, гинеколог, оториноларинголог, офтальмолог, кардиолог, УЗД-диагностикасы, функционалды дисгностика (ЭКГ,ЭХО-КГ), физиологиялық емдеу, процедуралық кабинеттер жұмыс істейді. Дәрігерлік пункт қызметкерлері емдеу-профилактикалық, санитарлық-сауықтыру, санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізеді. 

Өткізілетін іс-шаралар студенттік баспа орталығымен, аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде шығатын "Парасат" бағдарламасында, "Парасат" газетінде жарық көреді.

Университетте үздік оқытушылар мен студенттерді оқу, ғылыми, қоғамдық жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін мадақтау жүйесі жұмыс істейді. Корпоративтік мәдениетті сақтау бойынша іс-шаралар өткізіледі. Оқу жылы қорытындысы бойынша рейтинг бойынша "Жыл оқытушысы", "Жыл студенті" номинацияларының жеңімпаздарын сертификаттармен марапаттау салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады.

Студенттер еңбек ету және демалу үшін қолайлы жағдай жасалған жатақханаларда тұру мүмкіндігіне ие. Ата-анасы жоқ студенттер жатақханада тегін тұрады.

                Материалдық-техникалық база               

Университетте оқу үдерісінің тиімді ұйымдастырылуын және жұмыс істеу, оқу және жатақханада тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ететін дамыған материалдық-техникалық база мен заманауи инфрақұрылымға ие.

Университет құрылымына 9 оқу корпусы, обсерватория, жүзу бассейні, 4 жатақхана, агробиологиялық станция, "Мирас" оқу-өндірістік кешені, мұражай кешені, интернет-кафе және оқу-тәрбие үдерісінің өткізілуін қамтамасыз ететін басқа да объектілер кіреді.

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы университеттің пайдалы оқу алаңы өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына, білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және жүзеге асырылатын мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

Университеттің ғимараттары мен имараттарының жалпы көлемі 83 466,29 м2 құрайды, оның ішінде оқу корпустарының көлемі - 63 355,39 м2; қосалқы бөлмелердің көлемі – 2 884,4 м2, төрт жатақхананың көлемі - 16 737,7 м2. Оқу-лабораториялық база мен аудиториялық қор студенттер саны мен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді. Аудиториялық қордың пайдаланылу монитрингісі "Аудиториялық қор" ақпараттық-басқару жүйесінің көмегімен іске асырылады.

Студенттердің академиялық және өздік сабақтарын өткізу үшін пайдаланылатын спорттық базасы бар. Оған үш спорт залы, күрес залы, гір залы, коньки және шаңғы базасы, спорт залы мен 50 метрлі жүзу жолдары бар 9 105,4 м2 көлемді жүзу бассейні бар спорт кешені, 1500 м2 көлемді мини-футболға арналған ашық спорт алаңы кіреді. Ашық спорт имараттары жазғы , қысқы мезгілде де оқу үдерісінде қолданылады. Университеттің студенттер тұратын жатақханаларында спорт бөлмелері бар. 

Азаматтық қорғаныс штабы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі инженер қызмет атқарады. ЖОО-да рұқсатнама режимі жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіп пен материалдық базаның сақталуын бақылау бөлімі қамтамасыз етеді.

Оқу-әдістемелік әдебиетпен, бланкілік құжаттамамен қамтамасыз ету үшін 140 маумақты алып жатқан, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған баспахана жұмыс істейді. Қоғамдық іс-шаралар 1557,2 м2 көлемді, дыбыстық және жарық техникаларымен жабдықталған төрт акт залында өткізіледі. Негізгі мәдени-бұқаралық іс-шаралар №1 корпустағы 550 орынды акт залында өткізіледі.

Ғимараттардың техникалық пайдалану және жөндеу жұмыстарын университеттің әкімшілік-шаруашылық қызметі жүргізеді. Жыл сайын нормативтік талаптарға сәйкес ғимараттардың техникалық және санитарлық жағдайын сақтау бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлемі 60 млн. теңгеден артық соманы құрайды.