Студенттік халық театры «Кривое зеркало»

pause
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9

1988 жылы КТК командасы негізінде «Кривое зеркало» эстрадалық миниатюр студенттік театры құрылды. 1991 жылы театрға «халықтық» атауы берілді. Әр жылдардағы театр режиссерлары Виктор Проскуряков, Анна Солдатова, Ринат Исмаилов, Евгения Джемалединова. Қазіргі кездегі театр жетекшісі режиссер Наталья Петровна Михайлова.

Қазіргі кезде театр әр түрлі жанр бағытында жұмыс істейді: драма, шоу-бағдарлама, сахналық миниатюра, жеке жанрдағы эклектикалар. Драмада жеке тұлғаның ішкі әлемі, әлеуметтік мәселелерді көрсетіп, психологиялық пьесаларға көңіл бөледі. Сонымен қатар, «Кривое зеркало» әр түрлі мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. С.Мұқановтың 110 жылдығында театр «Сұлушаш» поэмасын сахналап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Театр репертуарында барлығы 6 қойылым бар: К. Фрешетт «Жан и Беатрисс», Д. Аверьянов «Подъезд нашего дома», Д. Смирнов «Диван, четыре стула», Б. Акунин «Зеркало Сен-Жермена», «Мы-разные» шоу-бағдарлма, «Федорино счастье» мюзиклі.

Сұрақтар бойынша №1 оқу ғимаратының 109 кабинетіне келуге болады.