Археологияның оқу-ғылыми орталығы

Археологияның оқу-ғылыми орталығы (АОҒО, жетекшісі А.А. Плешаков., т.ғ.к., доцент) бірнеше жылдар бойы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі тарихи-этнологиялық және археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жоғары кәсіби тарихшыларды, археологтарды, өлкетанушыларды, мәдениеттанушыларды дайындауда мәдени-ағартушылық қызмет көрсетіп келеді.

Орталықтың жұмыс істейтін бағыттарының бірі - «Солтүстік Қазақстанның ежелгі мәдениеті» кешендік тақырыбы. Осы тақырыптың төңірегінде орталық ұжымы «Кокше» академиясымен, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетімен, ҚР мәдениет Министрлігімен бірлесіп «Ботай – Еуразиялық жылқы көшпенділерінің тарихи бастамасы» тақырыбында жұмыс жасалып жатыр. Бұл зерттеудің мақсаты жылқы көшпенділігінің пайда болуы, дамуы, оның әлемдік тарихи-мәдени үрдіске әсер етуі және оның туу концепциясын жасау болып табылады.

Орталық қызметінің нәтижесінде «Ботай. У истоков степной цивилизации» тақырыбында альбом-кітап (үш тілде) авторы В.Ф. Зайберт; «Северных степей сокровища» кітабы (үш тілде) авторлар: В.Ф. Зайберт, З. Самашев, О.И. Мартынюк; «Атбасарская культура» монографиясы авторы В.Ф. Зайберт  және басқа да еңбектер жарық көрді.