Ғылыми лабораториялар

  1. Зерттеудің физика-химиялық әдістері лабораториясы (жетекшісі Дюрягина Антонина Николаевна, х.ғ.к., доцент) металды құрылмаларды тотығудан қорғаушы қорғаныс, полиметалдық шикізатты өңдеудің гидрометаллургиялық технологиялары саласындағы зерттеулермен айналысады.
  2. Өсімдік және биологиялық белсенді қоспалар химиясы лабораториясы (жетекшісі Поляков Владилен Васильевич, х.ғ.д., профессор) СҚО дәрілік өсімдіктерінен дәрілер жасау және қолдану саласында зерттеу жүргізеді.
  3. Органикалық синтез лабораториясы (жетекшісі Лежнева Марианна Юрьевна, х.ғ.к) жаңа биотехнологиялық өнімдер әзірлеумен айналысады.
  4. Биологиялық химия лабораториясы (жетекшісі Назарова Валентина Дмитриевна, х.ғ.к б доцент) Солтүстік Қазақстан флорасының химиялық құрамын зерттеу және соның негізінде тиімді, экологиялық таза дәрі-дәрмектер жасау бойынша зерттеулер жүргізеді.
  5. Жаңа биопрепараттар лабораториясы (жетекшісі Зверяченко Тимур Сергеевич фарм.ғ.к.) антибиотикке шыдамды өкпе туберкулезіне және бактерия бөлуге қарсы дәрілік препараттарды жасау саласындағы зерттеулермен айналысады.
  6. Роботты техника, микроэлектроника және энергоэкология бойынша инженерлік лаборатория (жетекшісі Кашевкин Александр Александрович, PhD докторы) өлшеулерді автоматтандыру, бақылау және сынау технологияларын әзірлеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады.
  7. "Роботты техника жүйелерін математикалық үлгілеу және жобалау" лабораториясы (жетекшісі Ивель Виктор Петрович, т.ғ.д., доцент) суасты роботтытехникалық кешендерді басқарудың бейімделме жүйелерін әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысады.
  8. Нанотехнологиялар зертханасы(жетекшісі Сартин Сергей Александрович, ф.-м.ғ. к.) сканерлейтін зондты микроскопты пайдалана отырып, наноөлшемді режимде әр түрлі материалдардың беттерін зерттеумен айналысады.
  9. "Әлеуметтік-экономикалық үдерістерді математикалық үлгілеу" лабораториясы (жетекшісі Куликова Валентина Петровна, т.ғ.к.б доцент) проблемалық жағдаяттарды шешудің заңдылықтарын, сондай-ақ, шаруашылық механизімінің негізгі элементтерінің жалпы заңдылықтарын және әлеуметтік-экономикалық жүйені зерттеумен айналысады.
  10. Педагогикалық инновациялық зертхана (жетекшісі Иманов Амангелді Қалкенұлы, п.ғ.к.).
  11. Функционалдық бейімделу ғылыми-зерттеу зертханасы (жетекшісі Ботяев Сергей Викторович, магистр) денсаулықты қалыптастыру, дамыту және нығайту, халықтың еңбекке қабілеттілігін арттыру саласында ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізеді.