5В030100 Юриспруденция

Тарих, экономика және құқық факультетіҚұқық пәндер кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр.

Кәсіби қызмет саласы: мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқық саласында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдік беру.

Кәсіби қызмет объектілері: құқық қорғау органдары; мемлекет билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары; мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; банкілер; сақтандыру және аудиторлық компаниялар; білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мекемелерінде ұйымдастыру-басқару қызметі;
  • ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот мекемелері және т. б. органдарында құқық қорғау қызметі;
  • заң кеңесшісі, адвокат есебінде заңдық және кеңес беру қызметі;
  • орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу;
  • адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ықпал ету;
  • заң ықпалының саласын кеңейту;
  • құқықтық реттеу тетігін жетілдіру;
  • құқықтық білімдері мен кәсіби дағдыларын тереңдету;
  • халық арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
  • жаңа заманға сай саяси-құқықтық көзқарастарды тарату;
  • қазіргі заңдарды сауатты қолдану;
  • адам және азамат құқықтарының, сонымен қатар қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі мәселелерді орындау мақсатында демократиялық қоғамдық, мемлекеттік, құқықтық институттарды кеңінен қолдану.

5В030100 «Құқықтану» мамандығының оқұ нәтижелері

5В030100 «Құқықтану» мамандығының үлгілік оқұ жоспары, 2013ж.