5В060700 Биология

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетіЖалпы биология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В060700  «Биология» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: биология ғылымдарының саласы (ботаника, зоология, адам анатомиясы мен физиологиясы, биохимия, биофизика, микробиология және т.б.; түрлі деңгейдегі ұйымдардың биологиялық жүйелері, билогиялық табиғатты қорғау технологиялары).

Кәсіби қызмет обьектілері: ғылыми-зерттеу ұйымдары, орта мектептер, лицей, гимназия, жас натуралистер станциялары, колледждер, ұлттық парктер, қорықтар, сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес жоғары кәсіптік білімнің болуын талап ететін басқа да мекемелер.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • өндірістік-басқару;
  • жобалау;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • табиғатты қорғау;
  • мамандық бойынша базалық білімді пайдалану мүмкіндігін беретін қызметтің басқа да түрлері.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • ғылыми-зерттеу қызметі (ғылыми зерттеуді жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, өңдеу және жалпылау);
  • өндірістік-басқару қызметі (өзінің және ұжымның кәсіптік қызметін ұйымдастыру, міндеттерді қоя білу және олардың орындалуын қадағалау);
  • бағдарлаушылық қызметі (жалпы міндеттерді шешуде өзінің кәсіби қызметін ұқсас ғылыми бөлімшелермен ұйымдастыру);
  • консультациялық (кәсіби қызмет саласымен байланысты мәселелерді шешуде құзырлы көмек көрсету);
  • білім беру (орта мектеп, лицей және мамандық бойынша колледждерде білім беру және тәрбиелеу қызметін жүзеге асыру);
  • табиғатты қорғау (табиғат ортасы жағдайының биомониторингі және биологиялық бақылауын жүргізу, антропогендік әсер етуді бағалау);
  • ағартушылық: жануар және өсемдік әлемінің ерекшелігін және адамның биоәлеуметтік мәнін түсіну үшін әр азаматқа қажетті биологиялық білімдер беру.

Учебные результаты 5В060700 Биология