5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетіОрганикалық химия және ЖМҚ химиясы кафедрасы

Кафедраның презентациясы


Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Академиялық дәреже: 5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: мұнай өңдеу, химиясы, полимерлерді өңдеу саалары, геология, гидрология, тау-кен өндірісі, ғылым жәнебілім.

Кәсіби қызмет нысаны: органикалық заттарды өндіру, мұнай, газ, көмір, полимер, эластомер, лакталған материалдар, дәрі, қатты және сұйық ракета жанармайларды өңдеу, көмір шикізаттарын дайындау, өндіру, жүктеу және оларды рационалды қолдану кәсіпорындары; ғылыми-зерттеу және жобалау салаларының институттары; орта техникалық білім мекемелері; қорғаныс мекемелері, тау-кен өндірісінің саласы.

Кәсіби қызмет түрі:

  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • өндірістік-басқару;
  • жобалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру, педагогикалық.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • өндірістік-технологиялық қызметі: органикалық заттар мен материалдарды өндіру кезінде қолданылатын шикізаттар мен материалдарға ішкі бақылау жүргізу және оны ұйымдастыру; шығындағы шикізаттар мен аралықөнімдердің құрамы мен сапасын бағалау; жабдық, шикізат, қосымша материалдарды тиімді қолданылуын қамтамасыз ету және бақылау; технологиялық желілер, органикалық заттар мен материалдар, мұнай, газ, көмір, полимер, эластомер, сұйық шикізаттарын өндіру және өңдеу үдерістерін тиімді қызметтермен қамтамасызету және ұйымдастыру; технологиялық үдерістер мен жабдықтардың диагностикалық жағдайы мен динамикасы және сараптама жасау;
  • жобалық; технологиялық үдерістер, жеілер, жабдықтар, технология ережелері, органикалық заттар мен материалдар өндірісінің жобалау-смета құжаттамасының техникалық тапсырмаларын жасау;  технологиялық сызбалардың альтернативті нұсқаларына анализ жасау және бағалау;
  • ғылыми-зерттеу қызметі: жаңа химиялық технологияларды жасаудың ғылыми-зерттеу және құрастырымдық жұмыстар жүргізу; іскеқосу жұмыстарын өткізу;
  • ұйымдастыру-басқару қызметі: кәсіпорын талаптарына сай ұжымның тиімді жүргізіуін ұйымдастыру; кәсіпорынға техникалық-экономикалық анализ жасау; басқарма шешімдерін қабылдау және орындау.

5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының оқу нәтижелері

5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.