![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
6B07301 Құрылыс
Инженерлік және сандық технологиялар факультеті → "Құрылыс және дизайн" кафедрасы
Академиялық дәреже: 6B07301 «Құрылыс» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Кәсіби қызмет өрісі: құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, таукен ісі, мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласы.
Кәсіби қызмет нысандары: құрылыс- жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік.
Кәсіби қызмет түрлері:
- өндірістік-басқарушылық – ғимараттарды, имараттарды инженерлік жүйелер мен жабдықтарды тұрғызу, жаңғырту бойынша құрылыс- жинақтау жұмыстарын атқаратын; құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтарын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және жөндейтін ұжымдарды басқару;
- жобалау-конструкторлық – ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерін, механикалық және электрлік жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау;
- ғылыми-педагогиялық – жалпы білім беру мекемелерінде және зерттеу орталықтарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге, ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу.
Кәсіби қызметінің мазмұны: ғимарат пен имараттың есептерін білікті жүргізу, техникалық шешімдерді сапалы безендіру, экология мен тіршілік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, құрылыста техникалық ғимараттарды жаңғырту, құрылыс- жинақтау жұмыстарын жүргізу.