5В073200 Стандартизация, метрология және сертификация (салалар бойынша)

Инженерлік-техникалық факультетКөлік және машина жасау кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызмет өрісі: өндірушу мен тұтынушы үшін жоғары экономикалық тиімділікке, жоғары сапаға, өнім және қызмет көрсету қауіпсіздігіне бағытталған, метрологиялық қамтамасыз ету, қолдану (тұтыну), өндіру, үрдістер (жұмыстар) және жүйелерді құру, өнімдерге (қызмет көрсетуге) деген талаптар мен ережелердің, нормалардың орындалуын бақылау және жүзеге асыру, қалыптастыру.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • басқарушылық-технологиялық;
  • есептеу-жобалау;
  • эксперименталды-зерттеу.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • стандарттау:
    • нормативті құжаттар мен стандарттарға өзгерістер енгізу және қайта қарастыру, ұйымдастыру, әзірлеу;
    • стандарттау бойынша жобаларды, бағдарламаларды, стандарттарды, техникалық жағдайларды, құжаттарды сараптау және олардың заңнамаға, техникалық регламенттерге, өзара байланысты құжатттар мен стандарттарға сәйкестігін бағалау;
    • халықаралық және шетелдік техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық жағдайлар мен басқа да нормативті құжаттарды стандарттау, метрология және сертификаттау арқылы Қазақстан Республикасы аумақтарында пайдалануды талдау;
    • қолданыстағы нормативтік құжатттардың базасын талдау, қолдану облысы мен салалары бойынша стандарттау деңгейіне жету мен қызметін бағалау, оларды жетілдіруге арналған ұсыныстар;
  • сертификаттау:
    • жүйені, үрдісті (жұмысты) және өнімді (қызмет көрсетуді) сертификаттауға ұсынған құжатттарды талдау, олардың стандарт және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалау;
    • өндіріс жағдайын талдау және шығарылатын өнімдер (қызмет көрсету) сапасының тұрақтылығын бағалау;
    • өнімді (қызмет көрсетуді) өндіру жағдайын тексеру бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу және кәсіпорындағы менеджмент сапасы жүйесін қалыптастыру;
    • сертификатталған өнімдер (қызмет көрсетулер), үрдістер мен жүйелерді инспекциялық бақылаудан өткізу және оны ұйымдастыру;
    • ескерту және түзету шараларының орындаулын бағалау;
  • метрология және метрологиялық қамтамасыз ету:
    • өнімдер мен технологиялық процестердің өлшенетін және қадағаланатын параметрлердің номенклатурасын, өлшемдер дәлдігінің оңтайлы нормаларын және бақылаудың шынайылығын, анықтау, өлшеу, сынау және бақылау құралдарын таңдауды анықтау;
    • өлшеудің орындалуы әдістемесін және өлшеу тәсілдерінің бақылауы мен зерттеулерді жүргізу бағдарламаларының нақты өнеркәсіптер үшін өлшеу жүйелерін әзірлеу;
    • өлшеу тәсілдері түрлерін зерттеу және бекіту, оларды тексеру, өлшеу тәсілдерінің аттестатталуы, өлшеу тәсілдерін метрологиялық бақылау және қадағалау;
    • метрологиялық сараптама мен конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттарының метрологиялық өңделуі;
    • жаңа өлшеу техникаларын енгізу бойынша жоспар дайындау, өлшеу, сынау және бақылаудың озық әдістерін енгізу.

Учебные результаты 5В073200 Стандартизация, сертификация и метрология (по отраслям)