5В090200 Туризм

Тарих, экономика және құқық факультетіЭкономика және бухгалтерлік есеп кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша туризм бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: туризм мен қонақжайлық индустриясы,  ғылым, білім, мемлекеттік басқару және адам қызметтерінің туризммен байланысы бар басқа да аялар.

Кәсіби қызмет нысандары:

  • туристік кәсіпорындарымен байланысты мемлекеттік басқару ұйымдары (министрлік, әкімшілік, олардың аймақтық бөлімдері және тармақтары);
  • туризм бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;
  • туристік саладағы консалтингтік компаниялары;
  • туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері;
  • туризмнің әр түрлі инфроқұрылымдарының салалары;
  • туризм орта дәрежелі мамандарын дайындайтын оқу орындары;
  • Қазақстан аймағындағы, дүниежүзілік қоғамдағы, туризмнің даму болашағы және жағдайымен айналысатын ғылыми-зерттеу бөлімдері;
  • Ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметті ұсынудағы жарнамалық агенттіктері;
  • «Туризм» мамандығы бойынша магистратура;
  • Төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің жүйесін ұйымдастыру;
  • Іс-әрекеті ЖОО кеңестері белгілеген мамандықтармен байланысты басқа мекемелер мен компаниялар.

Кәсіби қызмет түрлері: ұйымдастыру-басқару, кәсіптік-технологиялық, сервистік-эксплуатациялық, білім алатын (педагогикалық), профилактикалық және іздеу-құтқару.

Кәсіби қызметінің мазмұны:  

  • өндірістік-басқарушылық туристік бизнестің әр түрлі салаларында туристік қызмет көрсету, жұмысты басқару және ұйымдастыру;
  • маркетингтік және жарнамалы-ұйымдастырушылық туристік фирманың ұсынатын қызметтерін, ішкі және халықаралық нарыққа жылжуы мен маркетингтік зерттеуді жүргізіп, жарнамалық компанияларды ұйымдастыру;
  • елдер мен аймақтардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, Қазақстанда турстік қызметтердің нарықтық жағдайда, ТМД елдерінде және әлем аймақтарының бөліктерінде, туризм дамуының болашағын зерттеу және болжау зерттеулерін өткізу;
  • орта оқу орындарында туристік-рекреациялық пәндер циклі бойынша лекциялар мен практикалық сабақтарды өткізу.