Жазғы семестр М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да

Жазғы семестр каталогы 2013

Академиялық ұтқырлық білімдік және ғылыми бағдарламалардың алуан түрлілігін меңгерген және салыстырымдылық, өзара мойындаушылық есебінен оларды оңтайлы өзара әрекеттестіру мүмкіндігі бар бірыңғай еуропалық білімдік және ғылыми кеңістік құруға бағытталған Болон үдерісінің негізгі құрушысы болып табылады. Осы факторлар арқасында жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың, тиімді бірлесіп қызмет жасау, сондай-ақ, білім алушылардың білім беру траекторияларының жекелену жағдайларының туындауының себепшісі болады. Қазіргі таңда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жақындағы және алыстағы шет елдердің жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен сәтті бірге қызмет жасап келеді.  

Академиялық ұтқырлықтың жолдарының бірі жазғы семестрде оқу. Сізге біздің университетімізде қосымша білім алуды ұсынамыз.

Жазғы семестр 2013 жылы 11 шілде мен 20 тамыз аралығында ұйымдастырылады (тіркеу 1 шілдеге дейін).

Жазғы семестр қорытындысы бойынша студенттерге транскрипт беріледі, өткен пәндер бойынша кредиттер Сіздің жоғары оқу орныңызда есептеледі. Оқу кезінде кітапханаға, Интернет ресурстарына кіру рұқсаты, бассейнге бару мүмкіндігі беріледі. Барлық студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.