Сапа саласындағы оқыту

Сапа саласындағы оқыту

ЖОО қызметінің аспектілеріне қатысы бар кредиттік технологияны, сапа менежментінің қазіргі жүйесін, ақпараттық жүйелер кешенін енгізумен байланысты өзгерістер мен өзгертулерді жүзеге асыру ЖОО қызметкерлерінің, әсіресе университет қызметін бағалау процедураларына қатысатындардың, білімдерін үнемі жаңартып, бақылап, коррекциялап отыруды талап етеді.  Осы жағдайда персоналдың ақпараттанылуын түрлі жолдармен іске асырылатын біліктілігін арттыру курстары, семинарлар, мастер-кластар және т.б. арқылы арттыру маңызды рөл атқарады.

Университет қызметкерлерінің ақпараттанылуы әр түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Оқыту шаралардың тақырыптары да алуан түрлі.  Бұл стандарттар талабы, сапа менеджменті жүйесінің мәселелері, аккредитациялау процесінің ерекшеліктері, сапа құралдары.  Соңғы жылдары тақырыптардың мағынасы жалпы менеджмент, сапа менеджменті мәселелерінен корпоративтік мәдениет, жеке және жұмыс уақыты, эмоциялар, шығармашылық, жұмыс орнын ұйымдастыру мәселелеріне дейін кеңейтілуде.

2004 жылдан бастап ішкі аудиторлар, декандар орынбасарлары мен құрылымдардағы сапа жөніндегі жауаптылар үшін сапаны басқару саласындағы қазіргі бағыттарға арналған семинарлар өткізіліп келеді. Басында ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты қатысушыларды сапа менеджментіндегі қазіргі әдістер және тәсілдермен таныстыру, университет сапа менеджменті жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, оның даму мәселелерін қарастыру болып табылатын. СМЖ туралы түсінік қалыптасқан соң,  семинарлар тақырыптары да кеңейе бастады.

Сапа менеджменті қызметі қызметкерлер, оқытушылар мен сыртқы клиенттердің біліктілігін арттыру  курстары үшін жаңа бағдарламалар әзірледі: «Методы и инструменты управления для современного руководителя», «Система менеджмента образовательного учреждения», «Разработка и внедрение СМК на предприятии», «Методы и инструменты повышения качества работы».

2004 жылдан бастап сапа менеджменті қызметі ұйымдастырған қазіргі білім беру менеджменті мәселелеріне арналған арнайы бағдарламалар бойынша біліктілігін арттыру курстардан 300-ден астам университет оқытушылары мен қызметкерлері өткен болатын.

Семинарлар тақырыптары

  • "Өзін-өзі мотивациялау құралдары"
  • "Қызметкерлерді материалдық емес мотивациялау құралдары"
  • "Әлеуметтік желілердің қауіптілігі мен қауіп-қатері. Көздері мен олардың даму болашағы»
  • "Табысты іскерлік қарым-қатынас жасау құпиясы"
  • "Аккредитациялау"
  • "Табысты жоспарлау дағдыларын дамытамыз"
  • "Мәселелерді шешуге арналған Appreciative Inquiry концепциясы"
  • "Университет миссиясын қалыптастыру"
  • "Стратегиялық жоспарлау"
  • "Ішкі аудит нәтижелері және инспекциялық аудитке дайындалу"
  • "Қазіргі әлеуметтік зерттеулер"
  • "М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ішкі аудиті тәжірибесі"
  • "Сапаны бағалаудың қазіргі концепциялары"
  • "СҚМУ-дағы сапа менеджменті жүйесінің дамуы"
  • "Жас оқытушыларға арналған ақпараттық семинарлар"
  • "Сапа менеджменті жүйесі және 9000:2000 сериялы ИСО стандартарына кіріспе"

Біліктілікті арттыру курстарының  тақырыптары

  • "ЖОО менеджмент сапасы"
  • "СМЖ аудиторларының біліктілігін арттыру. Коммуникативтік құзыреттілік тренингісі"
  • "Білім беру сапасын сыртқы бағалау процесі. ЖОО институциялық аккредитациялауға дайындалуы"
  • "Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау"
  • "МС ИСО 9001:2000 талаптары. ЖОО СМЖ"
  • "ЖОО сапа менеджментіне кіріспе"
  • "Сапа жөніндегі менеджер"