Қашықтықтан оқу

2005 жылдан бастап, университет республиканың жоғары оқу орындарында желілік қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) еңгізу бойынша экспериментке сәтті қатысуда.

2005 жылдың маусым айында Қашықтықтан оқыту түрінің алғашқы «инженер-бағдарлаушы» біліктілігі берілді.

ҚБТ оқу үдерісіне әкімшілік ету секторы ҚБТ қолданумен оқытудың оқу және ұйымдастыру қостауын жүзеге асырады.

ҚБТ оқытудың сырттай түрі бойынша білім алу әдісі болып табылады, ол оқытудың заманға сай әдістемесі,байланыстық техникалық құралдары мен ақпаратты беруге негізделетін ерекше білім беру технологияларының қолданылуын көздейді.

ҚБТ қолдану мақсаты

  • Оқытудың сырттай түрі бойынша білім алу үрдісінің сапасын жақсарту
  • Оқу үрдісі сапасының жедел мониторингісін жүзеге асыру
  • Білім алушыларға білім беру бағдарламаларын білім алушының тікелей тұрақты мекен-жайы немесе оның уақытша тұратын (болу) жерінде игеру мүмкіндігі
  • Білім алушылардың оқу үрдісінің барлық кезінде өзін-өзі бақылауы

Артықшылығы

  • жайлы уақытта, жайлы жерде оқу мүмкіндігі
  • техникалық қызмет, оқытушы, тьютер тарапынан қосымша қолдау
  • компьютерде жұмыс істеу дағдысын жетілдіру

Дайындық бағыттары

Факультет Білім бағдарламасы Құны
Саз және педагогика факультеті 5B010300 Педагогика және психология 148000 тг.
5B010500 Дефектология 148000 тг.
5B010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 148000 тг.
5B010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 148000 тг.
5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 148000 тг.
Ақпараттық технологиялар факультеті 5В011100 Информатика 148000 тг.
5В070300 Ақпараттық жүйелер 196000 тг.
Тарих, құқық және экономика факультеті 5В030100 Құқықтану 176000 тг.
5В050600 Экономика 169000 тг.
5В050800 Есеп және аудит 169000 тг.
5В050900 Қаржы 169000 тг.
5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару 169000 тг.
Тіл және әдебиет институты 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті 148000 тг.
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті 148000 тг.
Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультеті 5В010800 Дене шынықтыру және спорт 148000 тг.

Оқуға қабылдау

Егер сіз компьютерде және Интернетте жұмыс істей алсаңыз, толық техникалық қамтамасыздандыру болса, қашықтықтан оқу үшін арыз жазу жеткілікті:

  • университеттің қабылдау комиссиясында (3 корпус 142 ауд.)
  • қашықтықтан білім беру секторында (5 корпус 221 ауд.)

Техникалық қамтамасыз етілуі

  • Интернет және веб-браузерге рұқсат
  • MS Office және оған ұқсас бағдарламасы

ҚБТ бойынша білім алатын студенттің қызметі

  • ұйымдастырушылық шаралар кезінде қашықтықтан оқыту жүйесінде нұсқамадан өтеді және жұмыс істеу бойынша пайдаланушы карточкасын алады
  • қашықтықтан барлық пәндер бойынша оқу материалдарын алады
  • қашықтықтан барлық on-line курсының шараларына (консультация,семинарға, форумға, конференцияларға) қатыса алады
  • тренинг және өзін-өзі тексеру тәртібінде тестілеуден өтеді;
  • студент СҚМУ-де болған уақытта дипломдық жоба (жұмыс) және курстық жұмысты қорғау, мемлекеттік емтихан және емтихан тапсыру кестесін алады;
  • университеттің тьютерлік сыныбында кез келген уақытта жұмыс істей алады.

Қашықтықтан білім беру технологиялары қолдану арқылы білім алатын студенттерге нұсқау