6M020300 Тарих

Тарих, экономика және құқық факультеті → "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6М020300 "Тарих" мамандығы бойынша білім магистрі

Кәсіби қызметінің саласы: білім, ғылым.

Кәсіби қызметінің нысандары: жоғары және орташадан кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ, лицейлер, колледждер, гимназиялар, ғылыми-сараптамалық, мәдени-ағарту ұйымдары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • білімдік;
  • зерттеу;
  • сараптамалық-консультативтік;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • өндірістік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелеу.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

6М020300 "Тарих" мамандығы бойынша білім магистрінің кәсіби қызметінің мазмұны: оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және педагогикалық үдерісті басқару, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, инновациялар жобалау және сынақтан өткізу, тарихи құбылыстарды талдай және жүйелей білу, жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақтар жүргізу, өз кәсіби қызметінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдістерін пайдалану, нормативтік құжаттаманы білікті пайдалану, өз пәндік саласында инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқу-тәрбиелеу үдерісіне өз пәндік саласындағы инновацияларды енгізу нәтижелерін талдау және бағалау, сараптамалық және әдістемелік жұмыс жүргізу, ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбиелеу мәселелерін шешуде сын және шығармашылық тұрғысынан ойлау дағдыларын меңгеру.

Учебные результаты 6М020300 История