6M050600 Экономика

Тарих, экономика және құқық факультеті → Экономика, бухгалтерлік есеп және сервис кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: мемлекеттік органдар, барлық меншік үлгісіндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы мемлекеттік экономика үлестіру басқармасының органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері.

Кәсіби қызметінің нысандары: қызмет түріне, меншік үлгісіне, қатысушылар санатына (ҚР резиденттері және резиденттері емес), ұйымдастыру-құқықтық үлгілеріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингілік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері; республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары; бастауыш кәсіби, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім беру мекемелері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-техникалық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • жобалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру (педагогикалық).

Ксәіби қызметінің мазмұны:

1. ғылыми-зерттеу қызметі: әзірлемелер мен ғылыми зерттеулер жүргізу бағдарламасын және жұмыс жоспарын әзірлеу, топ пен жеке орындаушыларға тапсырмалар дайындау

  • жүргізілетін зерттеулердің аспаптарын әзірлеу, олардың нәтижелерін талдау;
  • бақылау құжаттарын, есептер мен ғылыми жарияланымдар жасау үшін деректер дайындау;
  • зерттеу тақырыбы бойынша ақпарат жинау, өңдеу, талдау және жүйелендіру, зерттеу тапсырмаларын орындау әдістері мен құралдарын таңдау;
  • ғылыми зерттеулер, оның ішінде статистикалық тексерулер және сауалнамалар ұйымдастыру және жүргізу;
  • кәсіби қызмет саласына жататын зерттелетін үдерістердің, құбылыстардың және объектілердің теориялық және эконометриялық модельдерін әзірлеу, нәтижелерді бағалау және түсіндіру

2. жобалық-экономикалық қызмет:

  • тапсырмалар дайындау және тұрлаусыздық факторларды ескере отыра жобалық шешімдер әзірлеу;
  • тапсырмалар дайындау және әдістемелік және нормативтік құжаттар, сондай-ақ, әзірленген жобалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлеу;
  • тапсырмалар дайындау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеу;
  • түрлі меншік үлгісіндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың жоспарларының экономикалық бөлімдерін жасау;
  • экономикалық агенттерді түрлі нарыққа апару стратегиясын әзірлеу.

3. аналитикалық қызмет:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер әзірлеу және дәлелдеу, оларды есептеу әдістемесін әзірлеу;
  • экономикалық есеп жүргізу үшін ақпарат көздерін іздеу, талдау және бағалау;
  • тұрлаусыздық факторын ескере отыра жобалардың тиімділігіне бағалау жүргізу;
  • басқаруды ұйымдастыру үлгілерін талдау; оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды дәлелдеу; жалпы кәсіпорын, сала, өңір және экономика қызметінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын болжау.

4. ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:

  • эконмикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін шығармашылық ұжымдар ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету;
  • кәсіпорындар, ұйымдар және олардың жеке бөлімшелерінің даму және жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу;
  • түрлі меншік үлгісіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық билік органдарының экономикалық қызметтері мен бөлімшелеріне жетекшілік ету.

5. педагогикалық қызмет:

  • жалпы білім беретін мекемелерде, жоғары кәсіби және орта кәсіби білім беретін мекемелерде, сондай-ақ, қосымша кәсіби білім (профильдік бағыттағы магистрлер үшін) беретін мекемелерде экономикалық пәндер бойынша сабақ жүргізу;
  • жоғары оқу орындарында (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер үшін) экономикалық пәндер бойынша сабақ жүргізу;
  • оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу.