6M030100 Құқықтану

Тарих, экономика және құқық факультетіҚұқық пәндер кафедрасы

Бейінді бағыт - 1 жылдан кем емес

Ғылыми және педагогикалық бағыт - 2 жыл

Академиялық дәрежесі: "құқық магистрі" (1 жыл), "заң ғылымдары магистрі" (2 жыл)

Кәсіби қызметінің саласы: қазақстандық және халықаралық еңбек нарығындағы тәжірибелік заң қызметі, құқықтану саласындағы зерттеу қызметі, қазақстандық және халықаралық білім беру үдерісіне қатысу.

Кәсіби қызметінің нысандары:

бейінді бағыт бойынша - әкімшілік-басқарушылық, сарапшылық-консультативтік, заңи, ұйымдастырушылық-басқарушылық;

ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - білімдік, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, әкімшілік-басқарушылық, ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Кәсіби қызметінің түрлері:

бейінді бағыт бойынша түлектер құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қызмет атқара алады;

ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыспен айналыса алады.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуына көмектесу;
  • адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға көмектесу;
  • құқықтық әсер ету саласын кеңейту;
  • құқықтық реттеу механизмін жетілдіру;
  • құқықтық білім мен кәсіби дағдыларды тереңдету;
  • тұрғындар арасында құқықтық сана-сезім мен құқықтық мәдениет қалыптастыру;
  • заманауи үдемелі саяси-құқықтық идеяларды тарату;
  • заманауи заңдылықты сауатты қолдану;
  • адам мен азамттардың құқықтарын, қоғамның мүдделерін қорғау міндетін орындау мақсатында демократиялық қоғамдық, мемлекеттік, құқықтық институттарды кеңінен қолдану.

Учебные результаты 6М030100 Юриспруденция