6M050400 Журналистика

Тіл және әдебиет институтыОрыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6М050400 Журналистика мамандығы бойынша журналистика магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: білім және ғылым саласындағы кәсіби қызмет.

Кәсіби қызмет нысандары:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары;
  • Университеттердің журналистика факультеттері мен бөлімдері;
  • Мемлекеттік және үкімет органдарының, коммерциялық құрылымдардың бастап-орталықтары;
  • Мәдениет министрлігі;
  • Ақпарат министрлігі;
  • Жарнамалық агенттіктер;
  • Мемлекеттік және жеке баспалар.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • Педагогикалық (жоғары оқу орындарының оқытушысы);
  • Ақпараттық-шығармашылық;
  • Ақпараттық-референттік;
  • Ақпараттық-аналитикалық;
  • Көркем публицистикалық;
  • Басқарушылық;
  • Консультациялық-сараптылық;
  • Ғылыми-зерттеу.
  • БАҚ журналисі мен редакторы;
  • Ғылыми қызметші;
  • ҚР ҰҒА жүйесінің ҒЗИ және ЖОО жетекші маманы;
  • Мемлекеттік және үкімет органдарының баспа-орталықтарының маманы;
  • Коммерциялық құрылымдардың баспа қызметтерінің маманы;
  • Мәдениет министрлігінің маманы;
  • Ақпарат министрлігінің маманы;
  • Жарнамалық агенттіктердің маманы;
  • Мемлекеттік мәдениет және әдебиет мекемелерінің әдеби қызметкері;
  • Баспаларда және арнайы журналдардың редакцияларында ғылыми редактор, ғылыми аудармашы және т.б.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

6М050400 Журналистика мамандығы бойынша магистр:

түсінік болу: журналистиканың заманауи ғылыми жағдайы мен оны дамыту перспективалары туралы; модельдер жасау және оларды өз ғылыми ізденістерінде қолдану дағдылары;           

білім: журналистиканың өзекті мәселелері; Қазақстанның және шет елдердің БАҚ бизнесін дамытудың заманауи мәселелері; заманауи шетел БАҚ теориялары; негізгі бұқаралық коммуникация теориялары; БАҚ-тың экономикалық мәселелері; БАҚ заңнамасы; демократиялық қоғамның басты институттары; журналистикадағы ұлттық мәдениет аспектілері; дала өркениетінің әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі; жаһандық масс-медиа құрылымындағы республиканың электронды журналистикасының мәселелері; БАҚ жанрларын дамыту;

іскерлік: журналистиканың пікірталастық сұрақтарына; ғалымдардың жаңа зерттемелеріне; БАҚ-тың экономикалық сұрақтарына; БАҚ жанрларына бағдарлану; БАҚ-та бизнес-жоспар құра білу және оны іске асыра білу; мәдениет, саясат, экономика сұрақтарын баяндауға шығармашылық және әділ көзқараспен қарау;

дағдылар: ғылыми және әдіснамалық әдебиетпен жұмыс істеу; ғылыми жұмыстар жазу; заманауи электрноды бағдарламалар мен іздеу нұсқаларын тәжірибеде қолдану;

біліктілік: ақпарат жинау, түрлі БАҚ-та ақпарат құру және өңдеу, мәтіндерді редакциялау.