Азаматтық қорғаныс штабы

СҚМУ АҚ штабы қызметінің басты мақсаты - СҚМУ қызметкерлері мен студенттерін, объектілері мен аумағын қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы (бұзушы) факторларының әсер етуінен және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше оқиғалардан қорғау.

СҚМУ АҚ штабы қызметінің басты міндеттері:

  • СҚМУ қызметкерлері мен студенттерін қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы (бұзушы) факторларының әсер етуінен және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше оқиғалардан қорғау іс-шараларын әзірлеу және СҚМУ АҚ басшысы - ректорға бекітуге ұсыну
  • АҚ және ТО басқару органдарын, СҚМУ-да бар техникалық құралдардың негізінде байланыс және хабарлау жүйелерін жасау, жүйелі түрде олардың сенімді жұмыс істеуін бақылау
  • АҚ объектілі құрауыштарын құру, олардың жеке құраммен және техникамен, қажетті мүлікпен және құралдармен жасақталуын қамтасыз ету
  • ұжымдық қорғау құралдарын пайдаланылу күйінде сақтау бойынша іс-шаралар өткізу, СҚМУ қорғау имараттарын қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, жөндеу және профилактикалық жұмыстар барысында АҚ инженерлік-техникалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау
  • СҚМУ-дың барлық штаттық қызметкерлерін толық қамтамасыз ету есебінен жеке қорғаныс құралдары қорын жасау
  • АҚ құрауыштарының жеке құрамының, СҚМУ-дың әкімшілік және қызметкерлер құрамының АҚ және ТЖ бойынша оқуын ұйымдастыру
  • жергілікті атқарушы органдармен бірге сҚМУ студенттерін, қызметкерлерін және олардың ата-аналарын қауіпсіз орынға көшіру жұмыстары дайындалып, жүргізілуін ұйымдастыру
  • СҚМУ қызметкерлерімен және студенттерімен табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ пайда болған жағдайда қауіпсіздік шаралары мен өзін ұстау ережелерін сақтау бойынша түсіндірме және ақпараттық жұмыстар жүргізу
  • СҚМУ аумағында орналасқан ұйымдармен АҚ және ТЖ бойынша жұмыстарды үйлестіру

 

Жежеря Александр Александрович

АҚ штабының басшысы

 +7 (7152) 493233, доб. 1246
 216/4