ЖООішілік жоспарлау жүйесі

Университетті басқару Қазақстан Республикасы заңнамасына, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, дара басшылық пен алқалылықтың үйлесу ұстанымдарына ұжымдық шартқа сәйкес іске асырылады.  

Көріністі, миссияны, стратегияны орындау ең алдымен жоспарлау жүйесі қызметі арқылы жүзеге асырылады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жоспарлау  жүйесінің жалпы ұстанымдары ұйымдастырушылық жоспарлар үлгісінде ұсынылған.

ЖОО жоспарлау жүйесінің негізгі ерекшелігі ұйымдастырушылық жоспарлар үлгісінде ЖОО қызметінің барлық бағыттары мен иерархиялық деңгейлерінің  жинақталуы болып табылады.