Сыртқы және ішкі ортаны талдау механизмі

Сыртқы ортаның талдауы мен оның ЖОО басқаруда қолданылуы мыналарды қамтиды:

  • жыл сайынғы ҚР Президенті жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кешенін;
  • жыл сайынғы ЖОО түлектері мен әлеуетті талапкерлердің болжалды саны талдауын;
  • жыл сайынғы мамандардың облыстық және республикалық еңбек нарығында сұранысының талдауын;
  • жыл сайынғы ҚР білім беру қызметтері нарығының, ҰБТ нәтижелері мен бакалавриат, магистратура және докторантураға мемлекеттік гранттардың бөлінуінің талдауын;
  • жұмыс берушілердің мамандарға білім беру бағдарламаларын жобалау шеңберінде қоятын талаптарының тұрақты анықталуын;
  • апта сайынғы сыртқы нормативтік құжаттама тізілімінің жаңартылуы және ішкі құжаттаманың уақытымен өзгертілуін;
  • жыл сайынғы МАК төрағасының оқу үдерісін жетілдіру бойынша ұсынымдарының талдауы және орындалуы, өзгертулер нәтижелілігін бағалауын;
  • жұмыс берушілердің студенттердің кәсіби тәжірибесі барысында мамандарды даярлау бойынша ұсыныстарын талдауын;
  • түрлі каналдар бойынша ҚР ЖОО-лары бәсекелес басымдықтарын талдауын (рейтингтер, ресми сайттар, гранттарды бөлу, ЖОО қызметкерлерінің басқа ЖОО-лар тексерісіне қатысу және т.б.).

Ішкі ортаны талдау мен оны ЖОО басқаруда қолдану механизміне мыналарды жатқызуға болады: