Ұзақ мерзімді жоспарлау

Ұзақ мерзімді жоспарлау мемлекеттік және білім беру саласындағы орталық атқарушы ұйымының талаптарына, ЖОО-ның сыртқы ортасын сараптауға, Сапаны басқарудың жалпы бұқаралық ұстанымдарына негізделіп, стратегиялық жоспарлау ерекшеліктері мен университет көрінісін, миссиясын, даму стратегиясын және университеттің даму жоспарын, Сапа саласындағы Саясатты ескереді.

Университеттің даму стратегиясы басым бағыттар мен стратегиялық мақсаттарды анықтайды. ЖОО даму жоспары (стратегияны жүзеге асыру бойынша жоспар) даму бағыттары, міндеттер, көрсеткіштер мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар үшін мақсатты индикаторларды белгілейді.

Стратегия және ЖОО даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша жоспар ҚР БҒМ бекітетін Университеттің бес жылдық даму жоспарын құру үшін негіз болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып (оның өзектілігін жыл сайын талдай отыра) ұзақ мерзімге әзірленетін ЖОО-ның сапа саласындағы саясаты табылады және ЖОО-ның білім беру сапасын қамтамасыз етудегі негізгі көзқарасы мен міндеттемелерін көрсетеді және сапа саласында талдау жасау мен мақсаттарды анықтау үшін негізді құрайды.

Ұзақ мерзімді жоспарлау құжаттарының қол жетілуі және олардың мазмұны жайлы ЖОО қызметкерлерінің құлағдар болуы бұл құжаттарды даярлау ісіне қызметкерлердің тартылуы, құжаттардың алқалық ұйымдарда талқылануы мен қабылдануы, көп мөлшерде баспадан шығарылуы, бөлімшелердің жетекшілерімен қызметкерлердің міндетті түрде танысу рәсімі, құжаттардың ресми сайт пен ақпараттық стендтерде орналасуы арқылы қол жеткізіледі.

Стратегиялық даму жоспары мен Сапа саласындағы саясат негізінде жұмыстың қысқа мерзімді жоспарлары  құрылады.