Қысқа мерзімді жоспарлау

Қысқа мерзімді жоспарлау үш деңгейді қамтиды.

Университет деңгейінде қысқа мерзімді жоспарлау М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың сапа саласындағы мақсаттарында, жақсарту бойынша жоспарларында, кеңесші органдардың жұмыс жоспарларында, бағыттар бойынша жылдық жұмыс жоспарларында берілген.

Сапа саласындағы ЖОО-ның жалпы мақсаттары жыл сайын мамандарды сапалы даярлауда қамтамасыз ету бойынша қызметін талдау нәтижелері мен үдерістердің нәтижелері негізінде, дамудың стратегиялық бағдарламалары мен қызметтің ағымдағы талаптарының ескерілуімен әзірленеді. Сапа саласындағы ЖОО-ның мақсаттары –университеттің әр түрлі бағыттары бойынша оқу жылы барысындағы қызметінің негізгі көрсеткіштері. Мақсаттарды айқындауда өлшем және қол жетімдік талаптары ұсынылады.

ЖОО-ның сапа саласындағы мақсаттары негізінде ЖОО-ның сапа саласындағы жалпы саясатын, дамудың стратегиялық бағдарламалары мен жеке міндеттері үшін бөлімшелердің негізгі көрсеткіштерін көрсететін әр бөлімшенің сапа саласындағы мақсаттары жасақталады.

Бұл деңгейдегі қысқа мерзімді жоспар қызметіне, сондай-ақ, кеңесші органдардың жылдық жұмыс жоспарлары жатады: Қамқорлық кеңес, Ғылыми кеңес, ректорат, оқу-әдістемелік кеңес, ғылыми кеңес.

Оқу жылы басында ұзақ мерзімді жоспарлау құжаттары негізінде төмендегідей қызмет бағыттары бойынша жалпы жоспарлар әзірленеді: ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗҚ жоспары), тәрбие жұмысы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету, әкімшілік-шаруашылық қызмет.

Құрылымдық бөлімшелер деңгейіндегі қысқа мерзімді жоспарлау ЖОО бөлімшелерінің сапа саласындағы мақсаттарында, құрылымдық бөлімшелердің жылдық жұмыс жоспарларында, факультеттер мен институттың кешенді жоспарларында, кафедралардың жұмыс жоспарларында ұсынылған.

Құрылымдық бөлімшелер, сонымен қатар факультеттер мен кафедралардың жоспарлары әр басты мақсаты бар бағыттың жоғары концентрациясымен және тығыз байланысымен сипатталады. Жоспарлар мазмұнында міндетті түрде іс-шаралардың орындалу мерзімі, жауапты адамдар мен орындалу туралы белгісін көрсету кестесі енгізілген. Қысқа мерзімді жоспарлардың бір талабы болып олардың ішкі аудит барысында тексерілетін университет миссиясы, стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі, қызметті жақсарту бойынша тараудың болуы табылады.

Бөлімшелердің жылдық жоспарлары оқу жылының басында (немесе кейбір қызметтер үшін академиялық жыл басында) бөлімшелер қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жасалып, жоспар жобалары кафедра немесе бөлімше отырыстарында талқыланады. Кафедраның жұмыс жоспары факультет деканымен, бағыт бойынша проректормен келісіледі және ректормен бекітіледі. Факультеттің/институттың жұмыс жоспары бағыт бойынша проректормен келісіледі де, сондай-ақ, ректормен бекітіледі. Бөлімшенің (қызметтің, бөлімнің, сектордың) жұмыс жоспары жетекшілік ететін проректормен бекітіледі.

Жұмыс жоспарлары барлық бөлімшелердің істер номенклатурасының бөлігі болып табылады да, соған сәйкес аталмыш бөлімше қызметкерлері үшін қол жетімді құжаттар болып табылады.

Жеке деңгейде жоспарлау бағыттар бойынша жауаптылардың жұмыс жоспарлары (мысалы, деканның ғылыми жұмыс және сапа менеджменті жөніндегі орынбасары, кураторлар) мен ПОҚ жеке жұмыс жоспарында берілген.

ЖОО бөлімшелерінің қызметін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін күз мезгілінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша тапсырыстар қалыптастырылады. Тапсырыстың бұл түріне компьютерлік техникамен, оқу-зертхана құрал-жабдықтарымен, кеңсе тауарларымен, жиһазбен, жөндеу жұмыстарымен және т.б. қамтамасыз ету жатады. Тапсырыстар бөлімше басшыларының қатысуымен арнайы құрылған комиссия отырысында талқылау мен келісімге келудің барлық деңгейінен өткізіледі.

ҚР БҒМ-мен бекітілген ЖОО даму жоспары негізінде ағымдағы қажеттіліктердің есепке алынуымен жыл сайынғы мемлекеттік сатып алудың жоспары құрылады.  

Кафедралар мен бөлімшілерді оқу-зертхана құрал-жабдықтармен қамтамасыз  ету барысында міндетті түрде аталмыш құрал-жабдықтарды оқу үдерісіне енгізу жоспарының әзірленуі мен енгізу актісінің ресімделуі қарастырылады. Қолданылатын құрал-жабдықтардың тиімділігі жайлы мәселе одан әрі алқалы мәжілістерде қарастырылады.