Жоспарлардың орындалу мониторингісі

Жоспарлау тиімділігі жоспарды жоғары өкілетті басшылармен келісім жасау жүйесі, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын талдау және орындалуы жайлы куәліктердің құжатпен ресімделуі (бөлімдер мен қызметтер – ай сайын, кафедралар мен факультеттер – жылына 2 рет), жоспарлардың белгіленген уақытта орындалуы жайлы уақытылы есеп беру, қолданымдағы жоспарларға түзетулер енгізу мүмкіндігі арқылы қамтамасыз етіледі.

Қызметті жоспарлаудың нәтижелігі мен тиімділігі ішкі аудиторлық тексерістер барысында да бағаланады.

Қызмет мониторингі және жоспарлардың орындалу жүйесі келесі механизмдерден тұрады:

  • құрылымдық бөлімшелердің жылдық есептері;
  • ішкі аудиттер;
  • алқалы ұйымдарда мәселелерді қарастыру.

Бөлімшелер қызметін бағалаудың негізгі бір түрі қызметке кешенді баға беретін жыл сайынғы есептер. Кафедра есебі кафедра отырысында талданып, талқыланады және факультет деканымен бекітіледі. Кафедра есептерінің негізінде деканат факультет бойынша есеп құрайды. Факультеттің жылдық есептері бағыт бойынша проректормен келісіліп, ректормен бекітіледі. Факультет есептерінің негізінде проректорлардың жетекшілігімен университеттің жалпы есебі жасалады. Әрбір оқу жылының басында университеттің бірінші Ғылыми кеңесінде ректор «Оқу жылындағы университет қызметінің қорытындысы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» жайлы баяндама оқиды, онда ЖОО-ның бір жылдық қызметіне жалпы баға береді. Баяндамада мазмұндалған талдау негізінде жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері анықталып, университеттің сапа саласындағы мақсаттары айқындалады.