Университеттің ұйымдастырушылық құрылымы

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ұйымдастырушылық-басқару құрылымы басқарудың тиімді және стратегиялық мақсатын жүзеге асыру идеясына бағынады, шешімді қабылдау үдерісі мен оның шынайы орындалуын  қамтамасыз етеді.

Университеттің ұйымдастырушылық құрылымын ректор Ғылыми кеңестің шешімі негізінде бекітеді. Ұйымдастырушылық құрылымның құрамдас бөліктері «М.Қозыбаев атындағы СҚМУ» ШЖҚ-дағы РМК ұйымдастырушылық құрылымы туралы ережеде» анықталған. Университет Жарғысына сәйкес Ректор штаттық кестені бекітіп, лауазымдық міндеттерді үлестіреді. Университет бөлімшелерінің құрылымы тиісті бөлімшелердің ережелерінде анықталған.   

Университеттің жоғары басшылығы жыл сайын университеттің ұйымдастырушылық құрылымының белсенділігін арттыру мақсатында оны талдайды. Құрылымдық бөлімшенің қайта құрылу қажеттілігі туындаған жағдайда жаңа ұйымдастырушылық құрылымының жобасы әзірленеді. Бұл жағдайда жұмыс тәртібін ПРО СКГУ 402-10 Ұйымдық құжаттама процедурасы сипаттайды.