Университеттің функционалдық құрылымы

Функционалдық құрылым ұйымдастыру құрылымын ЖОО дамуының стратегиялық бағыттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отыра кеңейтеді және толықтырады. Факультеттердің жұмыс тиімділігін арттыру және үйлестіру мақсатында декандардың оқу және тәрбие жұмысы, ғылыми жұмыс және сапа менеджменті жөніндегі орынбасарлары лауазымы енгізілді. Осы лауазымдарға тағайындау мен босату ректордың бұйрығы арқылы жүргізіледі және бекітілген көлемде қосымша еңбекақы төленеді. Декандардың бағыттар жөніндегі орынбасарлары өз факультетінің деканына, сонымен қатар тиісті бағыт жөніндегі проректорға бағынады және олар алдында өз қызметінің нәтижесі жайлы есеп береді.

Деканның оқу және тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары міндетіне факультеттің оқу үдерісін ұйымдастыру қызметін үйлесітру кіреді.

Деканның ғылыми жұмыс және сапа менеджменті жөніндегі орынбасары міндеті университеттің ғылыми әлеуетінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыру бойынша дарынды студент жастарға мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу және осыған сәйкес ЖОО-ның стратегиялық маңызды бағытын жүзеге асыру болып табылады. Деканның ғылыми жұмыс және сапа менеджменті жөніндегі орынбасары қызметі арқылы сапалы білім беру саласындағы стратегиялық бағыттардың орындалуы да жүзеге асырылады: факультеттерде білім беру қызметінің түрлі аспектілері бойынша түрлі тұтынушылар тобының сауалнамасы жүргізіледі және тұтынушылар мониторингі нәтижелері бойынша жақсарту бағдарламасы әзірленеді; Сапа апталығы шеңберінде қызметкерлер құрамы мен студенттер арасында сапа мәдениетін насихаттау бойынша іс-шаралар кешені және т.б. өткізіледі.

Әлеуметтік-тәрбие беру қызметін дамытудың стратегиялық мақсаттары факультетпен әрі топ кураторлары/эдвайзерлері жұмысымен жүзеге асырылады. Кураторлар кеңесінде факултеттердегі тәрбие үдерісі бойынша іс-шаралардың жоспарлары бекітілуіне, әзірленуіне ұсыныстар енгізіледі және олардың орындалуын қадағалайды, факультеттің аға кураторлары, оқу топтары кураторларының/эдвайзерлерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен жағдайы, оны жақсарту шаралары және тәрбие жұмысы бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы туралы есептері қарастырылады кураторларға/эдвайзерлерге көмек ретінде әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

Факультеттерде сонымен қатар қоғамдық жүктемені орындау үшін жауапты тұлғалар тағайындалады. Факультетте спорттық жұмысты ұйымдастыру үшін спорттық-көпшілік жұмысқа жауапты адам тағайындалады. Факультет, кафедралар мен ПОҚ рейтингін толтыру бойынша қызметті үйлестіру үшін жауапты адам тағайындалады.