Өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеу

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеу СМЖ ішкі нормативтік құжаттарына, университет жоспарына, ректордың бұйрығына, бөлімшелердегі лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің өкілеттігі мен жауапкершілігін анықтаушы құжаттар міндетті түрде мүдделі тұлғаларға мәлімденеді. Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері арасындағы өзара әрекеттесу қолданымдағы ұйымдастырушылық құрылымда көрсетілген. Университет бөлімшелерінің құрылымы тиісті бөлімшелердің ережелерінде анықталған. Үдерістік тәсілдің артықшылықтарын тиімді пайдалану үшін СМЖ-да үдерістер бойынша жауаптылар анықталып, теңдестіріледі. Үдерістер бойынша жауаптылар Ректор бұйрығымен тағайындалады.

ЖОО бөлімшелерін жетекшілермен қамтамасыз ету үшін тиісті біліктілікке сәйкес әзірленіп, ПРО СКГУ Қызметкерлер құрамын басқару процедурасы енгізілді. Процедура талаптары мына үдерістерге қолданылады: бөлімше жетекшілері мен қызметкерлерінің, ПОҚ пен оларға қойылатын біліктілік талаптарына қажеттілікті анықтау; еңбекті нормаға келтіру және атқарымдық талдау; жұмысқа қабылдау; сынақ мерзімін өткізу; жетекшілердің біліктілігін арттыру және даярлау; олардың қызметін бағалау; еңбек келісімшартын бұзу.

Білім беруге, жұмыс тәжірибесіне, қызметкерлер құрамының арнайы білімінің болуына қойылатын біліктілік талаптарын бөлімше жетекшілері тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда ПРО СКГУ Ұйымдастырушылық құжаттама процедурасына сәйкес ресімдейді. Тиісті бұйрықта штаттық құрылым өзгертілген жағдайда лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелерді қайта қарау қажеттігі анықталады