Университеттің ақпараттық менеджменті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ақпараттық менеджменті төмендегілердің негізінде құрылады:

  • барлық оқу корпустарын оптоволоконды байланыс желілерімен байланыстыратын NKZUNet корпоративтік жергілікті компьютер желісі;
  • NKZUNet пайдаланушыларын Ғаламтор ресурстарына еркін кіру рұқсатымен қамтамасыздандыру;
  • NKZUNet және Ғаламтор ресурстарына қашықтықтан кіру жүйелері.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ақпараттық жүйелер табысты жұмыс істеуде:

  • www.nkzu.kz ЖОО ресми сайты ақпараттық жүйелер бірлесуінің нәтижесі ретінде;
  • «Platonus» оқу үдерісін басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
  • оқу үдерісін басқару бойынша «Электронды ректорат» ақпараттық-аналитикалық кешені;
  • http://is.nkzu.kz/ оқу порталы;
  • «Электронды сабақ кестесі» АЖБ;
  • eLearningNKZU қашықтықтан оқыту жүйесі;
  • WEB-test желілік тестілеу жүйесі, ол Интернет-технологияларын қолдануға негізделген және студенттердің білімін тестілеу әдісімен бағалауға арналған;
  • университеттің электронды кітапханасы, оның құрамында барлық пәндер мен білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік материалдар;
  • кітапханалық кешеннің ақпараттық жүйелері мен ресурстары (ғылыми кітапхана сайты, магистрлік диссертациялар авторефераттарының ресурсы, Ирбис іздеу жүйесі, сирек кездесетін кітаптар қорының ресурсы, республикалық жооаралық электронды кітапханасына кіру).
  • «1С Бухгалтерия» бухгалтерлік есептеудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
  • ЖОО-ның түрлі деңгейдегі жұмысшыларын қажетті әрекеттер мен шешімдерді орындау туралы ақпарат беретін ақпараттық-басқару жүйелері: «Ішкі аудит», «Ректорат пен Ғылыми кеңестің шешімдері», «Орындаушы күнтізбесі», «Нормативтік құжаттама тізілімі», «Электронды таныстыру журналы».

Жоғарыда көрсетілген барлық ақпараттық жүйелер ЖОО басшылық құрамына білім беру қызметін сипаттайтын, білім беру үдерісін оперативті, тәсілді, стратегиялық тұрғысына басқару үшін қажетті көрсеткіштерді қадағалауға мүмкіндік береді.