Ақпарат беру және кері байланыс жүйесі

ЖОО туралы ақпараттың таратылуы келесі жолдар арқылы жүзеге асырылады:

  • университеттің ресми сайты арқылы;
  • нақты кәсіпорындар мен ұйымдар желісі бойынша ЖОО қонақтары арқылы;
  • университетте өткізілетін көрме, бос орындар жәрмеңкесі, конференция, дөңгелек үстел, форум және де тағы басқа ЖОО қатысатын ақпараттық миссиялар арқылы;  
  • университет қызметінің облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы арқылы: өз «Парасат» телевизия студиясын пайдалану, типография, шағын-АТС мүмкіндіктері, факультеттерде жыл сайын Ашық есік күнін өткізу, БАҚ өкілдерімен, жергілікті департамент пен аймақтағы ұйымдармен қарым-қатынас, жоғарғы басшылықтың өзекті мәселелердің телевияда талқылауда қатысуы.

ЖОО әр уақыт қоғамның назарында. Оған өз газеті мен телебағдарламасының облыстық каналда шығуы, СҚМУ-дың корпоративтік сайтында жаңалықтардың жариялануы, ЖОО факультеттері, мамандықтары мен атақты оқытушылары туралы ақпараттың жергілікті деңгейде телевизия, радио бойынша, «Северный Казахстан», «Солтүстiк Қазақстан» облыстық газеттерде, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «АИФ-Казахстан» республикалық басылымдарында, халықаралық деңгейде халықаралық конференцияларда сөз сөйлеу, халықаралық көрмелерге қатысу арқылы үнемі хабарлануы дәлел бола алады. 

ЖОО-да студенттерге, жұмысшылар мен мүдделі тұлғаларға бағытталған кері байланыстың көп каналды жүйесі істейді. Кері байланыстың негізгі үлгілері мыналар:

  • әр оқу корпусында орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігі түріндегі ректор поштасы;
  • ректор блогы, бағыттар бойынша проректорлардың блогтары, бөлімдер басшыларының блогтары мен кәсіпке бейімдеу жұмыстары сұрақтары бойынша блог кіретін виртуалдық қабылдау;
  • ЖОО сайтындағы форум, ол «Құжаттарды талқылау», «ЖОО қызметін жақсарту бойынша инновациялық ұсыныстар», «Өздік жұмыс көлемін талқылау» секілді тақырыптарды қамтиды;
  • тұтынушылар мониторингіcі жүйесі;
  • шағымдар мен ұсыныстарды қарастыру жүйесі.

ЖОО сайтында «Құрылым» тарауында білім беру бағдарламаларының жетекшілері (декандар, түлек шығарушы кафедралар меңгерушілер) туралы аудиториясы, телефондары мен электронды пошта мекенжайы көрсетілген ақпарат берілген. Ректор мен бағыттар бойынша проректорлардың жеке беттерінде жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты туралы ақпарат орналастырылған.

Білім алушылар, қызметкерлер мен мүдделі тұлғалар жеке кафедралар меңгерушілеріне, декандарға, проректорларға, ректорға арнайы белгіленген уақытта жолыға алады. Ұсыныстар мен ұсынымдар құрамына студенттер мен оқытушылар кіретін алқалы ұйымдар отырысы барысында жасалуы мүмкін.