Қызметкерлер құрамы менеджменті

Жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру мекемелерінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес университет профессорлық-оқытушы құрамы (әрі қарай – ПОҚ) оқу және оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, кәсіби жетіліу мақсатында ғылыми-әдістемелік жұмысқа қатысады, студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарына/жобаларына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді, оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, дәрістер курсы, оқылатын пәндер бойынша СӨЖ, СОӨЖ орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар даярлауда және әзірлеуде, сондай-ақ, оларды басып шығаруда қатысады, түрлі деңгейдегі семинарларға, мәжілістерге және конференцияларға қатысады.

Университет ПОҚ-ы МЖМБС талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапалылығына, білім алушыларда өмірлік машықтар, құзырет, дербестік, шығармашылық іскерлік дамуына жауапты. ПОҚ-ң біліктілік талаптарға сәйкестігін негізгі білімі, ғылыми немесе академиялық дәреженің болуы, ғылыми атақтың берілуі, біліктілігін арттырғандығын растаушы сертификаттардың көшірмелері, ғылыми еңбектері мен өнер табыстары тізімі туралы дипломның болуы растайды.  

ПОҚ штатын қалыптастыру бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша даярлау бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады, олар ПОҚ негізгі білім саласын анықтайды және жұмысқа қабылдау және лауазымға ауыстыру кезінде негізін салушы болып табылады. Педагогикалық қызметтің жүзеге асырылуына ғылыми дәрежесі, магистр академиялық дәрежесі немесе тиісті бейін бойынша кәсіби білімі бар, замануи оқыту әдісін меңгерген тұлғаға рұқсат етіледі.

ПОҚ туралы толық мәлімет университеттің ресми сайтының басты бетінде "Профессорлық-оқытушылар құрамы" тарауында қолжетімді.