Біліктілікті арттыру жүйесі

ЖОО-да М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да біліктілікті арттыру, ПОҚ пен әкімшілік-басқарма қызметкерлерді кәсіби және тұлғалық дамыту жүйесі әрекет етеді, ол мыналарды тұспалдайды: өздігінен білім алу және өздігінен жетілу, техникалық оқу, біліктілікті арттыру курстарынfy, тағылымдамаlfy өту. Аталмыш үдеріс ПРО СКГУ 602-14 арқылы жүзеге асырылады. ҚР ЕК 140 б. мен ҚР «Білім туралы» заңының 51 б. сәйкес ЖОО қызметкері жұмыс беруші немесе басқа да қаражат есебінен ұзақтығы 4 айдан аспайтын, 5 жылда 1 реттен сирек емес біліктілігін арттыруға құқылы. Оқыту кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында, сондай-ақ, кәсіби қызмет бейінін кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.

Университет қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстарында оқуы Республиканың, алыстағы және жақындағы шетелдердің мамандандырылған оқу орталықтарында жүзеге асырылады.

ПОҚ біліктілігін арттыруды жоспарлаған кезде қосымша есепке алынады:

  • білім сапасын бағалау үдерісі кезінде алынған баға негізінде оқытушы жұмысының тиімділігі;
  • жас оқытушы кадрларды даярлау қажеттігі;
  • ПОҚ біліктілігін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың, оқыту әдістерінің өзгертулерін есепке алумен немесе пән бойынша жаңа технологиялардың пайда болуымен арттыру қажеттігі.

Кафедра ПОҚ-ы біліктілігін арттыруға өтініш ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін құрылады, кафедра меңгерушісімен бекітіледі, факультет деканымен/ТжӘИ директорымен және оқу-әдістемелік қызмет басшысымен келісіледі. Оқу-әдістемелік қызмет басшысы тапсырысқа келісім берген кезде біліктілікті арттыру қажеттігін анықтайды, сондай-ақ, мерзімінен бұрын біліктілікті арттыру мүмкіндігін қарастырады. 

Қызметкер біліктілігін арттыру өтінішінде құрылымдық бөлімше жетекшісі біліктілікті арттыру қажеттігін анықтайды және бөлімше функционалды бағынатын проректормен келісіледі.

Өтініш құру үдерісінде бөлімше жетекшісі басшылыққа алады:

  • Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы» заңын;
  • кадрлар туралы ақпаратты;
  • қызметкерлердің біліктілікті арттыру мерзімділігі туралы ақпаратты;
  • сапа менеджменті жүйесі саласында оқу қажеттігін;
  • кешенді біліктілікті арттыруды өткізу қажеттігін;
  • тұтынушылардың талаптарының өзгеруіне мән беру қажеттігін.

Келісім берілген өтініштер ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін кадр қызметіне тапсырылады. Кадр қызметі ОӘҚ-пен бірге біліктілікті арттырудың жалпы кесесінің жобасын құрайды. Ректормен бекітілген кесте кадр қызметіне кейін біліктілікті арттыруға қызметкерлердің жолдамасын ресімдеу үшін беріледі және университет сайтында орналастырылады.

Біліктілікті арттырудың басым бағыттары болып келесілер табылады:

әкімшілік-басқарма қызметкерлері үшін:

  • HR-технологиялары (қызметкерлерді басқару, қатынасу психологиясы және с.с.);
  • қаржы менеджменті;
  • заңнама сұрақтары;
  • еңбек қатынастары, қауіпсіздік және еңбекті қорғау.

профессорлық-оқытушы құрамы үшін:

  • теориялық білімді тереңдету;
  • әдістемелік мәдениет қалыптастыру және жетілдіру;
  • педагогикалық шеберлікті жетілдіру;
  • тәрбие жұмысының түрлі үлгідегі әдістерін игеру;
  • оқытудың заманауи техникалық құралдарын қолдану дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
  • оқу үдерісінің оқу-әдістемелік жағынан қамсыздандырылу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.