Ынталандыру және мадақтау жүйесі

ЖОО-да рейтинг нәтижелері бойынша ПОҚ материалдық көтермелеу жүйесі әрекет етеді. Университетте ПОҚ, кафедра, факультет/институт қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесі әзірленді (ПП СКГУ 03 ПОҚ, кафедра, факультет/институт қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже). Рейтингтік жүйенің негізгі мақсаты болып табылады: білім беру қызметін көрсету деңгейін университеттің білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың кейінгі саясатын жасау үшін ПОҚ-тың, кафедраның, факультеттің/институттың оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми жұмысты ұйымдастыруын және жұмысын бағалау арқылы индикациялау және ПОҚ-ты материалдық тұрғыдан ынталандыру.    

Қолданыстағы ПП СКГУ 03 «ПОҚ, кафедра, факультет/институт қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже» негізінде рейтинг оқу жылындағы қызмет қорытындысы бойынша университеттің штаттық оқытушылары арасында өткізіледі. Оқытушы, кафедра, факультет/институт рейтингтері лауазымдық еңбекақының үстемеақысы көлеміне ықпалын тигізеді. Рейтинг бойынша үстемеақы осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың болуын есепке алынуымен ректор бұйрығымен белгіленеді.

Кәсіби және тұлғалық дамуды ынталандыру мақсатында ПОҚ оқу және ғылыми қызмет саласындағы жетістіктері, қоғамдық жұмысқа ат салысқаны және көп жылдық адал еңбегі үшін университет, қала және облыс жоғары басшылығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен, ЖОО үлкен алтын алқасымен марапатталады.

Университет ПОҚ-ы мен қызметкерлеріне мерейтойларға материалдық сыйақылар беріліп, бала тууына, емделуге және отар жасауға көмек көрсетіледі. Университет кәсіподақ комитеті қызметкерлер мен олардың балаларының санаторий-курорттық ем алуға жолдама құнының 50-60% мөлшерінде көмек көрсетеді. 

Университете заманауи жабдықтармен жабдықталған және қаламыздың жетекші мамандарымен жасақталған дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер университеттің спорт секцияларына бара алады. ПОҚ Ғаламтор қызметі пайдаланушысының тегін трафигін ала алады.

Университетте әрбір категория қызметкерлерінің шығармашылық қажеттіліктерін жүзеге асыру және толыққанды кәсіби дамуы үшін тиісті жағдайлар жасалған:

  • еңбек ақының рейтингтік жүйесі, материалдық ынталандыру;
  • кітапхана қоры мен университеттің оқу порталы ресурстарына еркін кіру;
  • жұмыс барысында компьютерлік және ұйымдастырушылық құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын, басқа да жабдықтарды қолдану үшін жағдай жасалған;
  • қазақстандық және халықаралық ғылыми жұмыс конкурстарына және жеке грант алу конкурсына қатысуға көмек көрсетіледі;
  • ЖОО есебінен ПОҚ оқу және оқу-әдістемелік құралдарын басып шығарады;
  • қалалық және республикалық комиссияға қатысуға ұсынылады.