Эдвайзер институты

ВНД СКГУ 38 "Эдвайзер жұмысын ұйымдастыру туралы ереже" құжатымен регламенттелген куратор-тәлімгерлер институты табысты жұмыс істейді.

Ережеге сәйкес эдвайзер келесі қызметтерді атқарады:

  • Жетекшілік ететін білім алушылардың іс-әрекетін үйлестіреді және білім алушылар мен университет әкімшілігінің арасында байланыстырушы буын болып табылады.
  • Білім алушыларды академиялық іс-әрекетте реттеуші нормативтік-құқықтық құжаттамалар саласында ақпараттандырады және кеңес береді.
  • Білім алушыларды оқу пәндерін тіркеу ережелерімен, білім беру бағдарламасының шеңберінде оқытудың білім беру траекториясымен, элективті пәндер тізбегімен, тіркеуге шығарылған пәндермен және презентациялық материалдармен таныстырады.
  • Пәндерді таңдауда пәндерді оқытудың реттілік міндетті есебін жүргізеді.
  • Білім алушылардың жеке жоспарына өзгертулер енгізуге ықпал етеді.
  • Академиялық күнтізбенің мазмұнын білім алушылардың мәліметіне жеткізеді.
  • Білім алушылардың оқу төлемақысын төлеуді, ағымдық және аралық бақылау тапсыруды жетелейді.
  • Жетекшілік ететін білім алушылардың оқу төлемақысын төлеуді, ағымдық және аралық бақылау тапсыруды жетелейді.
  • Академиялық қарыздары бар білім алушыларды қосымша жазғы семестрде оларды жою мүмкіндігі туралы ақпараттандырады.
  • Академиялық үлгерімін жоғарылату сұрақтары, оқу сабақтарына қатысу бойынша білім алушылармен тәрбие жұмысын өткізеді, факультеттің/институттың, университеттің үздік білім алушыларының жұмыс тәжірибесін насихаттайды.
  • Білім алушыларғы университет өміріне және жағдайына бейімделуге, қоғамдық қызметтерге тартуға көмек көрсетеді.
  • Патриоттық, азаматтық, құқықтық кәсіби ойлауын арттыру, мәдениетті және рухани-адамгершілік құндылықтарды, толеранттық және ұлтаралық үйлесімді сақтау мен жаңғыру мақсатында салауатты өмір салтын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
  • Студенттік ортада құқық бұзушылықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті тәрбиелеу бойынша іс-шаралар өткізеді.
  • Білім алушыларды олардың қоғамдық студенттік бірлестіктерге, ғылыми, үйірмелерге, қызығушылығы бойынша клубтарға, көркемдік өзіндік қызмет үйірмелеріне, спорттық секцияларға, білім алушылардың байқауларға, олимпиадаларға, конференцияларға, студенттік өзін-өзі басқару жұмысына қатысуға тарту мақсатында өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері университетте бары туралы ақпараттандырады.
  • Факультеттің/институттың, университеттің жалпы жиналысына, ректормен кездесулерге қатысады.
  • Психологиялық кеңес беру кабинетінің қызметкерлерін тартумен білім алушылардың ортасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалын жасауға ықпал етеді.
  • Бекітілген ағым туралы ақпаратты біледі: білім алушының ата-анасы, жақын туыстары, үй мекен-жайы және уақытша тұру мекен-жайы, телефондары, электронды адресі туралы мәліметтер.
  • Білім алушыда таңдаған мамандығына қызығушылықтың қалыптасуына, кәсіби өзіндік сана-сезімнің қалыптасуына, кәсіби өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына, дағдыларын жоспарлауға және кәсіби мансабын іске асыруға мүмкіндік жасайтын кафедраның саласы бойынша тақырыптық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
  • Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында кәсіби бағдар жұмысы бойынша іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.
  • Білім алушыларды болашақ мамандарды үлестірудің және жұмысқа орналастырудың әрекеттегі құқықтық нормаларымен таныстырады.
  • Жетекшілік ететін бітірушілердің бітіргеннен кейінгі үш жыл ағымында жұмыс орнынан растайтын құжаттарының есебін жүргізеді.