6M020500 Филология

Тіл және әдебиет институтыҚазақ филология кафедрасы

Академиялық дәрежесі:

  • ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша - 6М020500 "Филология" мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі;
  • бейінді бағыт бойынша - 6М020500 "Филология" мамандығы бойынша гуманитарлық білім магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: білім мен ғылым саласындағы кәсіби қызмет.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – жоғары оқу орындары, орта мектептер (оған қоса, гимназиялар, лицейлер), орта арнайы оқу орындары (колледждер, техникумдар, училищелер), ғылыми-зерттеу институттары;
  • бейінді бағыт бойынша - орта мектептер (оған қоса, гимназиялар, лицейлер), гуманитарлық бейіндегі орта арнайы оқу орындары (колледждер, училищелер), мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар мен мекемелер. 

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – ғылыми және педагогикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми, консультациялық, мәдени-ұйымдастырушылық кәсіби қызмет;
  • бейінді бағыт бойынша - педагогикалық, мәдени-білім беру, басқарушылық, өндірістік-технологиялық кәсіби қызмет.  

Кәсіби қызметінің мазмұны:

кәсіби қызметте ғылыми тану әдістерін қолдану, гуманитарлық ғылымдардың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерінің білікті түсіндірілуін қамтамасыз ету, филология циклінің түрлі пәндері шеңберінде алынған білімді оқу үдерісіне енгізу, педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру, жоғары оқу орындарында, орта мектепте (оған қоса, гимназияларда, лицейлерде), орта арнайы оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, тұлғаға бағдарлы оқыту модельдерін жасау, танымдық қызмет жолдарын белсенді меңгерілуін басқару, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отыра ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу.

Учебные результаты 6М020500 Филология