"FOUNDATION" факультеті


 

Әшімов Жұмағали Мұқашұлы

Факультет ДЕКАНЫ

Филология ғылымдарының кандидаты


Тел.: +7 (7152) 493202, ішкі 1184
Аудитория: 221, 5 корпус
E-mail: 


 

Искакова Асемгуль Оразовна

Деканның орынбасары

Тел.: +7 (7152) 490093, ішкі 1217
Аудитория: 206, 5 корпус
E-mail:

Омарова Назира Съезовна

 Методист

Тел.: +7 (7152) 490093, внутренний 1220
Аудитория: 206, 5 корпус
E-mail:

 

Оқытушылық: 206 ауд., 5 корпус, тел.: 1220

Контактілер:
Мекен-жайы: Петропавл қ., Интернационал к., 26, №5 оқу корпусы
Телефон: 8 (7152) 490093, ішкі 1217, 1220

 

«Foundation» факультеті жаңа форматтағы білім беру ортасын құру мақсатында, 2016 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ дайындық бөлімінің базасында құрылған.

«Foundation» факультеті:

    1. Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы талапкерлердің білім деңгейін арттыру саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсетеді;
    2. Шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері арасынан талапкерлерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қазақ және орыс тілдерінде одан әрі оқуға дайындауды жүзеге асырады;
    3. «Биология», «Физика», «Химия», «Информатика» педагогикалық мамандықтарға түсу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік дайындығын жүргізеді.

      Факультет жұмысының негізгі бағыттары:

      1. Шетелде тұратын ұлты қазақ адамдар, оралмандар және шетел азаматтары үшін дайындық бөлімшесі            Аталған бөлімнің мақсаты – шетел азаматтарын Қазақстанда өмірге бейімдеу, оларды ҚР ЖОО-ға түсуге дайындау, қазақ және орыс тілдерін тереңдетіп оқыту.                                                                         Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде оқыту

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік даярлық деңгейін арттыру

      • ТКТ (талапкерлерді кешенді тестілеу) пәндері бойынша дайындық: Қазақстан тарихы, математика, қазақ/орыс тілі, таңдау пәні (биология, химия немесе физика);
      • Тереңдетілген көптілді дайындық болашақ академиялық ұтқырлыққа үлкен мүмкіндік береді;
      • М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға одан арғы түсу кезінде меңгерілген кредиттерді кепілденген қайта есептеумен ЖОО пәндерін оқыту бағдарламасына енгізу («Оқушылардың даму физиологиясы», «Мамандыққа кіріспе»).

      Бөлімшеде оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қазақ және орыс тілдерінде күндізгі түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде республикалық бюджет есебінен «Foundation» факультетінде оқитын жоғарыда көрсетілген бағыттардың тыңдаушыларына стипендия төленеді. Күндізгі оқу түріне қабылданған басқа қаладан келген тыңдаушыларға, университет жатақханадан бюджеттік оқу бөлімінің студенттеріне қарастырылған жағдайда орын береді. «Foundation» факультетінің білім алушыларына мемлекеттік тапсырыс бойынша «Тыңдаушының билеті» берілетін болады, ол күндізгі оқу студенттеріне қарастырылған жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

      3. Кешкі дайындық курстары
      Мектеп білімдерін түзетумақсатында жүргізілетін ҰБТ/ТКТ дайындық курстары арқылы тыңдаушыларды жоғары оқу орындарына түсу үшін тереңдетіп дайындау, пәндер бойынша олқылықтар анықталады және толықтырылады:

      • 9 айлық курстар – 2016 жылғы 1 қазаннан бастап 2017 жылғы 30 маусымға дейін
      • 6 айлық курстар – 2017 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін
      • 3 айлық курстар-2016 жылғы 1 қазаннан бастап 2016 жылғы 30 желтоқсанға дейін
      • 3 айлық курстар – 2017 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін

      Ұлттық бірыңғай тестілеуге және Кешенді тестілеуге дайындалуға оқу, әдістемелік және репетитордық жұмыс тәжірибесі мол университет оқытушылары қатысады, олар бірінші жыл тест тапсырмаларын әзірлемейді, ең бастысы – нақты пән бойынша тестпен жұмыс істеу әдістемесін біледі.

      Оқу үдерісімен қатар «Foundation» факультетінің тыңдаушылары университеттің спорттық жарыстар, КВН, Наурыз мейрамы, конференциялар, тақырыптық семинарлар және т. б. сияқты түрлі іс-шараларына белсенді қатысады.

      Жылы психологиялық климат, біздің университеттің дамыған инфрақұрылымы, оның ыңғайлы орналасуы – осының барлығы «Foundation» факультетінің дайындық курстарында оқуды таңдауға мүмкіндік береді.

      «Foundation» факультетіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

      • Ректордың атына өтініш
      • Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі
      • Орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі
      • 6 фотосурет 3х4
      • 086У нысанындағы медициналық анықтама