М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жатақханаларындағы бос орындар

ПОҚ және қызметкерлер үшін жатақханада тұрғын үй алу кезектілігі

ПОҚ және қызметкерлер үшін жатақханада тұрғын үйді кеңейтуге кезектілік

Студенттердің студенттік жатақханаларда төсек-орын алу кезектілігі

"Тұрғын үй комиссиясы туралы" бұйрығының көшірмесі

"Конкурстық комиссия құру туралы" бұйрығының көшірмесі

"Жатақханаға орналасу туралы" бұйрығының көшірмесі

Жалпы орын Бос орын
1114 0

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттік жатақхананың саны– 3, жалпы орын саны – 1114.

Жатақханадағы орындар басқа барлық мекендерден келген және тұрғын үйге мұқтаж студенттерге берілді. Келген студенттерге жатақханаларға қоныстандыру оқу жылы басынан басталады.

Жатақханаға қоныстандыру жөнінде комиссия құрылады. Ашықтық мақсатымен орналастыру барысында студенттік өзін-өзі басқару органдарының активі қатысады. Жатақханада тұру ережелерін түсіндіру бойынша студенттермен әңгімелесу өткізіледі.

Жатақханға орналасудың алдында студенттер медициналық байқауынан және СЭС комиссиясынан өтеді.

Студенттер бөлмелерде 3 немесе 4 адамнан тұрады. Сервис қызметтері ұсынылады: төсек жабдықтарын ауыстыру, ас үйде электр плиталарын пайдалану, душ, кір жуу бөлмелері.

Жатақханада тұру құны келесі:

Мемлекеттік білім беру тапсырыспен оқығандар үшін ай сайынғы төлемақы - 4 200 теңге.

Ақылы оқып жатқан білім алушылар үшін ай сайынғы төлемақы - 10 000 теңге.

Шетелден оқуға келген білім алушылар үшін ай сайынғы төлемақы - 10 000 теңге.

Студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша барлық мәліметтер электронды базаға енгізіледі.

Жатақханаларда оқудан тыс уақыт өткізу үшін қолайлы жағдай жасалған.

№ 2, 3 жатақханалардың оқу залдарында компьютерлер орнатылған.

Жатақханалардағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар мен инфрақұрылым төмендегі кестеде көрсетілген:

Көрсеткіштер

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар

Жалпы асүйлер

  • №1 жатақхана: Үш қабатында оң және сол жақта 2 асүйден орналасқан;
  • №2 жатақхана: Төрт қабатында оң және сол жақта 2 асүйден орналасқан;
  • №3 жатақхана: Бес қабатында оң және сол жақта 2 асүйден орналасқан.

Электр плиталарының болуы

  • №1 жатақхана: Жалпы 12 электр плиталары бар. Әр асүйде 4 конфоркасы бар 2 электр плиталары орнатылған. Үш қабатында оң және сол жақта 2 асүй орналасқан;
  • №2 жатақхана: Жалпы 16 электр плиталары бар. Әр асүйде 4 конфоркасы бар 2 электр плиталары орнатылған. Үш қабатында оң және сол жақта 2 асүй орналасқан;
  • №3 жатақхана: Жалпы 20 электр плиталары бар. Әр ас үйде 4 конфоркасы бар 2 электр плиталары орнатылған. Үш қабатында оң және сол жақта 2 асүй орналасқан.

Теледидар

  • №1 жатақхана. Жалпы:1 теледидар
  • №2 жатақхана. Жалпы:1 теледидар
  • №3 жатақхана. Жалпы:1 теледидар

Ыстық судың болуы

Тәулік бойы

Жуынатын бөлмелер

  • №1 жатақхана: Үш қабатта оң және сол жақта 2 жуынатын бөлме бар;
  • №2 жатақхана: Төрт қабатта оң және сол жақта 2 жуынатын бөлме бар;
  • №3 жатақхана: Төрт қабатта оң және сол жақта 4 жуынатын бөлме бар. Бірінші қабатта 2 жуынатын бөлме бар. 

Душтар

  • №1 жатақхана: Екі душ және киімілгіш бөлме – 7 орын;
  • №2 жатақхана: Екі душ және киімілгіш бөлме – 10 орын;
  • №3 жатақхана: Екі душ және киімілгіш бөлме – 10 орын.

Дәретханалар

  • №1 жатақхана: Үш қабатта оң және сол жақта 2 дәретханадан; бірінші қабатта - 1 қызметтік дәретхана. Жалпы: 7 дәретхана;
  • №2 жатақхана: Төрт қабатта оң және сол жақта 2 дәретханадан; бірінші қабатта - 1 қызметтік дәретхана. Жалпы: 9 дәретхана;
  • №3 жатақхана: 18 секцияның әрқайсысында 2 дәретханадан. Жалпы - 36 дәретхана.

Жуғыш автомат машинасының орнатылуы

Жуғыш автомат машиналары орнатылған.

Оқу залы

  • №1 жатақхана: оқу залы
  • №2 жатақхана: оқу залы
  • №3 жатақхана: оқу залы

Жаттықтыру залы

№2 жатақхана: күрес және гір залы

Wi-fi (тарату аумағы)

Жатақханалар аумағында

Университет қызметкерлері мен студенттерге тегін медициналық көмегі көрсетіледі (терапевт, гинеколог, оториноларинголог, офтальмолог, УДЗ - дәрігері, функционалдық диагностика дәрігері. Емдеу бөлмесі мен физиокабинет жұмыс істейді .

Студенттік жатақханаларында тәрбие жұмысы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылу және әлеуметтік-мәдени жағдайларды қамтамасыз ету мақсатымен жұмыс жүргізіледі.

Бірінші курс студенттерін оқу және жатақханада жағдайларына бейімдеу іс-шаралар аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:

  1. Жатақханаларда студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары бойынша үнемі мониторинг жүргізіледі.
  2. Студенттік жатақханаларда ПОҚ және студенттердің кезекшілігі ұйымдастырылған.
  3. Жатақханаларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы және ішкі бейнекамералар орнатылған. Студенттік қалашықта учаскелік инспекторлармен, ТӘЖД қызметкерлерімен, «Болашақ» «Нұр Отан» партия филиалының өкілдерімен кезекшілік жүргізіледі. №1-ші жатақханада полиция бекініс пункті орналасқан.
  4. Оқу тобының эдвайзерлері өзінің тәрбиеленушілеріне оқу үрдісіндегі және оқудан тыс уақытындағы проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үнемі келіп тұрады.
  5. Жыл бойы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік және қылмыстық заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыстар өткізеді.
  6. Студенттік ректорат, жатақхананың студенттік активімен бірге жастар ісі жөніндегі комитеті жатақханаларда қоғамдық-саяси оқиғаларға және мерекелік күндеріне арналған іс-шаралар ұыймдастырады. Демалыс күндері мәдени, спорттық іс-шаралар өткізіледі («Біз жемқорлыққа қарсымыз» жастар акциялар, патриоттық әндер конкурстар, эсселер, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ турнирлері, концерттік бағдарламалар, мерекелік кештер, тақырыптық дискотекалар, СӨС насихаттау іс-шаралар және т.б.).
  7. №1 жатақханада психологиялық қызмет кабинеті жұмыс істейді.