Ұлы Витаутас Университеті

2017 жылдың 3 сәуірінде Ұлы Витаутас университетімен (Каунас, Литва) екі дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім шарт жасалды:

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ            

ҰВУ
6М060800 Экология (магистратура, договор) Қоршаған орта менеджменті
6М070100 Биотехнология (магистратура, договор) Қолданбалы биотехнология
6М060700 Биология (магистратура, договор) Молекулалық биология және биотехнология

Бағдарламаға түсу үшін кандидаттар М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-мен және Ұлы Витаутас университетімен бірлесіп белгіленген және келісілген іріктеу талаптарына сәйкес іріктеледі. Екі дипломды бағдарламаға қатысушыларды іріктеу:

  • Студенттің академиялық үлгерімі туралы транскриптке
  • Жіберуші мекемеден растау-хатына
  • Тілді меңгеру деңгейі туралы сертификатына
  • Серіктес мекемелер арасында белгіленген өзге де талаптарына
  • М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері үшін бағыттаушы мекеме ретінде ағылшын B1 немесе одан жоғары, немесе IELTS емтиханы бойынша 4, 5 немесе одан жоғары баллды меңгерудің талап етілетін деңгейі

Университет сайты: http://www.vdu.lt/ru/