Факультет | Тарих, экономика және құқық факультеті (ТЭҚФ) |
---|---|
Кафедра | Экономика, есеп және қаржы (ЭЕжҚ) |
Білім беру саласының коды және жіктелуі | 6B04 Бизнес, басқару және құқық |
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі | 6B041 Бизнес және басқару |
Білім беру бағдарламаларының тобы | В045 Аудит және салық салу |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6B04105 Есеп және аудит |
Аккредиттеу | Сертификат |
Білім беру бағдарламасының түрі | Негізгі |
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі | 1) Бухгалтерлік есеп және аудит саласында іргелі білімі бар және өмір бойы өздігінен білім алуға қабілетті. 2) Ұйымның қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметі шеңберінде үдерістерді және қойылған мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін конструктивті өзара әрекеттесу және шешім қабылдауға қабілетті. 3) Қаржылық және басқарушылық есепті жүргізуге, есеп саясатын қалыптастыруға, кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, заманауи компьютерлік технологиялар мен бухгалтерлік есеп бағдарламаларын барынша тиімді пайдалана отырып, өмірлік маңызды мәселелерді шешуге цифрлық құзыреттілігін көрсетеді. 4) Кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік-шаруашылық қызметінде инновациялық бизнес-процестерді ұйымдастыру мақсатында шығармашылық қабілеттерін, құру және конструктивті әлеуметтік белсенділікті көрсетеді. 5) Көпұлтты ұжымда коммуникациялық бағдарламаларды құрастырады және өндірістік және коммерциялық ортада тарихи-мәдени мұраға қатысты азаматтық ұстанымын көрсетеді. 6) Ұйым персоналының еңбек ұжымында өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасайды. 7) Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, тұрақты даму идеяларын қалыптастыруға бағытталған және осы процеске еңбек ұжымының барлық мүшелерін тартуға ықпал етеді. |
Білім беру бағдарламасының мақсаты | Бухгалтерлік есеп және аудит саласында негізгі және кәсіби құзыреттілікке ие, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті, кәсіби өсу мен ұтқырлыққа қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру |
Білім деңгей | Бакалавриат (Жоғары) |
Берілетін дәреже | бизнес және басқару бакалавры |
Кәсіптік қызмет саласы (ЭҚЖЖ бойынша секция) | - |
Кәсіптер тізімі | - |
Кәсіби қызмет түрлері | - |
Кәсіби қызмет объектілері | Мемлекеттік органдар, мекемелер, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар, нарықтық инфрақұрылымының буындарында экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары |
Бағдарламаның ерекшеліктері | Оқуды аяқтағаннан кейін түлек тегін «1С: Кәсіби» сертификатын алуға мүмкіндігі бар, ал егер ол «Қазақстан үшін 1С Бухгалтерия» республикалық конкурсында жүлде алған жағдайда, «1С: Маман-кеңесші» сертификатын алады. |
Оқу түрі | - |
Оқу кезеңі | Жалпы орта білімі бар бакалавриат студенттерінің оқу мерзімі бүкіл оқу кезеңінде кемінде 244 академиялық кредит және оқу жылы үшін кемінде 60 академиялық кредит білім беру кезеңімен айқындалады. Жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар немесе кеш білімі бар бакалавриат студенттерінің оқу мерзімі формальды және формальды емес білім берудің бұрын қол жеткізілген нәтижелерін ескере отырып айқындалады. Сонымен бірге, егер білім алушы пәннен және оқу қызметінің басқа түрлерінен оқу жылына кемінде 60 кредит объектісімен Жеке оқу жоспарын қалыптастырса, оқу кезеңі ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін. |
Оқыту тілі | - |
Кредиттер/сағаттар көлемі (кем емес) | 244/7320 |
Алдыңғы білім деңгейі | - |
Бағдарлама менеджері | Шайкин Динмухаммед Нурланович |
ББ Кәсіби стандарт/салалық біліктілік шеңбері негізінде әзірленді |
- |
"Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингісіндегі орны, 2022 жыл |
4 орын |
---|---|
Қосымша ақпарат | |
Білім беру бағдарламасы жайлы пікір қалдыруыңызды сұраймыз |