Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: ТЭжҚФ ПОҚ Қысқы мектеп жұмысына қатысты

13-25 қаңтар аралығында ҚХА кафедрасы "Жастар ортасында қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірегейліктің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыр әрі қарай оқу

16 қантар 2025
МФ: Аралық аттестаттау

Аралық аттестаттау жоғары медициналық білім алу кезінде оқытудың басты құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. 17.12.2024 жылдан бастап оқу жоспары әрі қарай оқу

24 желтоқсан 2024
АФ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Агротехнология факультетінің студенттері үшін "тұрмыстық зорлық-зомбылық" атты дөңгелек үстел өтті.  Іс-шара аясында студенттер мәселенің ау әрі қарай оқу

17 желтоқсан 2024
ТжӘИ: "Weihnachtsmotive" Winterfestival іс-шарасы

Тіл және әдебиет институтының "Герман-роман филологиясы" кафедрасында біздің шет тілдер факультетінің студенттері оқып жүрген тілдерінің елдеріне қаты әрі қарай оқу

13 желтоқсан 2024
МФ: Сессияға дайындық

  2024 жылғы 10 желтоқсанда емтихан сессиясының басталуы қарсаңында Медицина факультетінің  әкімшілігі студенттермен кездесу өттізді, оның әрі қарай оқу

11 желтоқсан 2024
ПФ: KOZYBAYEV UNIVERSITY ҰЖЫМДЫҚ МОНОГРАФИЯ ҚҰРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

Монография - күрделі әлемнің сын-қатерлері талап ететін зерттеу ортасындағы ерекше "айырым белгісі". ​Жобалық зерттеу жұмысында монография басылымы - әрі қарай оқу

13 қараша 2024
АФ: Халықаралық пәндік олимпиада

Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы тек академиялық іс-шаралармен шектелмейді – бұл ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерд әрі қарай оқу

01 қараша 2024
FEDT: Кәсіптік бағдар беруі

31 қазанда Инженерлік және сандық технологиялар факультетінің кафедралары университетте кең ауқымды кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты.  Қала әрі қарай оқу

01 қараша 2024
ПФ: Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2024 жылдың қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық факультеті және «Өрлеу БАҰО» АҚ «СҚО бойынша кәсіби даму институты&r әрі қарай оқу

10 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Бірінші қазанда университетте "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, б.ғ.к., доцент Қасия Кангужинаның 75 жылдық мерейтой әрі қарай оқу

08 қазан 2024
Барлығын оқу

Қысқаша мәлімет

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті - Қазақстан Республикасының 85 жылдық тарихы бар алғашқы жоғары оқу орындарының бірі.

Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы Министрліктер кабинетінің 1994 жылғы 2 маусымдағы № 584 жарлығымен өз тарихын 1937 жылдан бастаған К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 25 мамырдағы №315 бұйрығымен "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" ШЖҚ-дағы РМК "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Қоғамның мемлекеттік тіркелген күні 2020 жылғы 1 шілде.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру қызметімен айналысу үшін 2020 жылғы 22 шілдедегі №KZ47LAA00018464 лицензия берген.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ институционалдық аккредиттеуден (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен берілген 2022 жылғы 17 маусым №АА0159/1 куәлік).

Қоғам қызметінің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Қоғам қызметінің негізгі түрлері:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет, ғылыми-зерттеу жұмыстары;

2) білім алушыларды тамақпен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

3) жұмыскерлерді тамақпен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, спорттық және шығармашылық секциялар құру;

7) Білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбие және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз етуге арналған баспа және полиграфиялық қызмет болып табылады;

8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және оларға қатысу;

9) білім алушыларды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлау;

10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, Технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалық конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құру;

12) Білім және ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, байқаудан өткізуге және енгізуге қатысу;

13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту;

14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысу;

15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыру, қаржыландыру, сондай-ақ Білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу болып табылады.

Бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу күні 2020 жылғы 28 шілде. Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2020 жылғы 28 шілдедегі №KZ91VGZ00000303.

Қоғамның жарияланған акцияларының саны - 5 304 588 (бес миллион үш жүз төрт мың бес жүз сексен сегіз) дана жай акция.

Жалғыз құрылтайшы төлейтін Қоғамның Жарғылық капиталы- 5 304 588 000 (бес миллиард үш жүз төрт миллион бес жүз сексен сегіз мың) теңге.

Қоғамның бір акциясының номиналдық құны-1000 (бір мың) теңге.

 2020 жылы меншікті капиталдың мөлшері-5 678 191 мың теңге.

 Активтердің мөлшері 2020 жылы-6 098 213 мың теңге.

 Таза табыс-267 949,0 мың теңге.

 Қызметкерлер саны – 1184,25 бірлік.