Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Сессияға дайындық

  2024 жылғы 10 желтоқсанда емтихан сессиясының басталуы қарсаңында Медицина факультетінің  әкімшілігі студенттермен кездесу өттізді, оның әрі қарай оқу

11 желтоқсан 2024
ПФ: KOZYBAYEV UNIVERSITY ҰЖЫМДЫҚ МОНОГРАФИЯ ҚҰРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

Монография - күрделі әлемнің сын-қатерлері талап ететін зерттеу ортасындағы ерекше "айырым белгісі". ​Жобалық зерттеу жұмысында монография басылымы - әрі қарай оқу

13 қараша 2024
АФ: Халықаралық пәндік олимпиада

Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы тек академиялық іс-шаралармен шектелмейді – бұл ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерд әрі қарай оқу

01 қараша 2024
FEDT: Кәсіптік бағдар беруі

31 қазанда Инженерлік және сандық технологиялар факультетінің кафедралары университетте кең ауқымды кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты.  Қала әрі қарай оқу

01 қараша 2024
ПФ: Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2024 жылдың қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық факультеті және «Өрлеу БАҰО» АҚ «СҚО бойынша кәсіби даму институты&r әрі қарай оқу

10 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Бірінші қазанда университетте "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, б.ғ.к., доцент Қасия Кангужинаның 75 жылдық мерейтой әрі қарай оқу

08 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университ әрі қарай оқу

08 қазан 2024
F: 70 тыңдаушы Foundation факультетіне түсті

14 қыркүйекте тілдік даярлық курсына үміткерлер арасында «OES» прокторинг-жүйесі арқылы Foundation факультеті қабылдау емтиханын өткізді. әрі қарай оқу

26 қыркүйек 2024
АФ: экологиялық жастар марафоны

"Birgemiz" волонтерлік фронт-офисі мен "Жастар салауатты өмір салты үшін" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған экологиялық жастар марафоны барлық қала тұ әрі қарай оқу

17 қыркүйек 2024
ТЭҚФ: Тарих, экономика және құқық факультетінде Қазақстанда АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2024 жылғы 12 қыркүйекте ТЭжҚФ-та Қазақстанда АЭС салу бойынша түсіндіру кездесуі өтті, оған ЕжА-21 және МЕ-21 топтарының студенттері қатысты. Іс-шара әрі қарай оқу

13 қыркүйек 2024
Барлығын оқу

Дәлме-дәл егіншілік бойынша жаңа және инновациялық бағдарламалар (NICOPA)


NICOPA
New and 
Innovative Precision
Farming Programs 
in Kazakhstan

Transition to University Autonomy in Kazakhstan (TRUNAK)

2018 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы Европалық Комиссиямен қаржыландырылатын ERASMUS+ Capacity Building in Higher Education бағдарламасы аясындағы, "New and Innovative Courses for Precision Agriculture (NICOPA)" жобасы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын бастады. Қаржыландыру сомасы 1 миллион евро. Бағдарламаның үйлестірушісі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Бағдарламаның брошюрасы

Зерттеулер негізінен оқу бағдарламаларын жетілдіруге және дәлме-дәл егіншілік бойынша инновациондық технологияларды меңгерудің жаңа курстарын еңгізуге, инженерлік зертханалар жабдықтауға, европаның үздік университеттерінде оқытушыларды, мамандарды және оқушыларды тағылымдамадан өткізуге арналған. Жоба бойынша Германияның, Чехияның, Болгарияның, Польшаның, Қазақстанның, Түркменстанның және Өзбекстанның 9 алдыңғы қатарлы университеттері мен 3 ғылыми-зерттеу институттары серіктес болып табылады. Орындалу мерзімі 3 жыл.

Бағдарламаны орындау барысында атқарылатын негізгі шаралар – бұл «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Приборлар жасау», «Физика»», «Физика және астрономия», «Агрономия», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтарының бакалавриат пен магистратураның оқу бағдарламаларын сараптап, оларға дәлме дәл егіншілік саласында алдыңғы қатарлы білімді еңгізу, жаңа әдебиет көздерін даярлау, жариялау және сатып алу. Сонымен қатар оқытушылардың біліктілігін алдыңғы қатарлы Европалық университеттерде арттыру жоспарланған. Жобаның есебінен Қазақстанның, Өзбекстанның және Түркменстанның әр серіктес университетінде Internet-платформа мен инженерлік зертханалар құрылады.

Бағдарламаның қатысушылары:

  1. С.Сейфуллин атындағы қазақ аграрлық университеті 
  2. Берлин техникалық университеті 
  3. Пловдив аграрлық университеті 
  4. Чехиялық жаратылыстану ғылымдары университеті 
  5. ECM space technologies GmbH 
  6. Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
  7. М.Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  8. С.А.Ниязов атындағы Түркмен ауыл шаруашылық университеті
  9. Түркмен мемлекеттік архитекторлық-құрылыс университеті 
  10. Түркмен ауыл шаруашылық институты
  11. Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті 
  12. Мухаммад Ал-Хоразмий атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті
  13. Ташкент ирригация инженерлері және ауыл шаруашылығы механизациясы институты
  14. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 
  15. Өзбекстан Республикасының министрлер палатасында құрылған білім сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясы
  16. Түркменстан білім министрлігі

NICOPA

"New and Innovative Courses for Precision Agriculture (NICOPA)" жобасының М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асуы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде NICOPA жобасы бойынша келесі шаралар жүзеге асты:

1. Жобамен жұмыс жасау үшін келесі құрамда зерттеушілердің тобы құрылды:

  • Кошеков К.Т., т.ғ.д., профессор, «Энергетика және радиолектроника» кафедрасының меңгерушісі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бағдарламаның үйлестірушісі. Жобадағы атқаратын қызметі: жобаның орындалуы бойынша университеттің ішкі коммуникациясының барлық сұрақтарына жауап береді, жобаның менеджментімен сыртқы коммуникацияны және консорциумның басқа ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, жобаның ғылыми қамтамасыз етілуін қадағалайды, жобаның жоспарының орындалуын және жоба бойынша барлық атқарылған қызметтердің құжатталуын қамтамасыз етеді, есептер мен презентацияларды қорғайды, координациондық кеңестерге қатысады, университетте дәлме дәл егіншілік зертханасының құрылуына жауапты, мастер-класстарды ұйымдастырады және өткізеді; 
  • Шаяхметова А.С., а.ш.ғ.к., Агротехнологиялық факультеттің деканы. Жобадағы атқаратын қызметі: 5В080100 – Агрономия және 5В080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандықтары бойынша дәлме-дәл егіншілік саласында оқу модульдерінің/бағдарламаларының сараптамасының, жаңаруының және әзірленуінің, сонымен қатар басқа да оқу-әдістемелік құжаттардың Болондық процесстің талаптарына сай болуына жауапты, сонымен қатар, жобаның нәтижелерін университте еңгізеді, СҚО өндірістік өнеркәсіптері мен оқу ұйымдарында тексерістен өткізеді, студенттердің, түлектердің және жұмыс берушілердің  сауалнамаға қатысуын ұйымдастырады,  БАҚ сөз сөйлеу, мастер-класстарды ұйымдастыру және өткізу, университетте жаңа немесе жаңартылған модульдердің аккредиттелуін (немесе бекітілуін) ұйымдастырады және 2020 жылдың қыркүйегінен пилоттық оқытудың уақытында басталуына жауапты;
  • Савостин А.А., т.ғ.к., «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының доценті, жобаның орындаушысы Жобада атқаратын қызметі:  5В071600- және 6М071600 – Приборлар жасау, 5В071900- және 6М071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар  мамандықтары бойынша дәлме-дәл егіншілік саласында оқу модульдерінің/бағдарламаларының сараптамасының, жаңаруының және әзірленуінің, сонымен қатар басқа да оқу-әдістемелік құжаттардың Болондық процесстің талаптарына сай болуына жауапты, сонымен қатар, жобаның нәтижелерін университте еңгізеді, СҚО өндірістік өнеркәсіптері мен оқу ұйымдарында тексерістен өткізеді, студенттердің, түлектердің және жұмыс берушілердің  сауалнамаға қатысуын ұйымдастырады,  БАҚ сөз сөйлеу, мастер-класстарды ұйымдастыру және өткізу, университетте жаңа немесе жаңартылған модульдердің аккредиттелуін (немесе бекітілуін) ұйымдастырады және 2020 жылдың қыркүйегінен пилоттық оқытудың уақытында басталуына жауапты;
  • Риттер Д.В., т.ғ.к., «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының доценті, жобаның орындаушысы. Жобада атқаратын қызметі:  жаңа құрылғыларды қабылдап алуға және қолданысқа беруге және жаңа оқу сыныбының/зертхананың құрылуына жауапты, жобаның сапасын анықтайтын топты ұйымдастыру, ішкі және сыртқы сапаны бағалау жұмыстарын атқару (WP3);
  • Сартин С.А., ф.м.ғ.к., «Физика» кафедрасының меңгерушісі. Жобада атқаратын қызметі:  5В012800 – Физика-информатика, 5В061100- және 6М061100 – Физика және астрономия  мамандықтары бойынша дәлме-дәл егіншілік саласында оқу модульдерінің/бағдарламаларының сараптамасының, жаңаруының және әзірленуінің, сонымен қатар басқа да оқу-әдістемелік құжаттардың Болондық процесстің талаптарына сай болуына жауапты, сонымен қатар, жобаның нәтижелерін университте еңгізеді, СҚО өндірістік өнеркәсіптері мен оқу ұйымдарында тексерістен өткізеді, студенттердің, түлектердің және жұмыс берушілердің  сауалнамаға қатысуын ұйымдастырады,  БАҚ сөз сөйлеу, мастер-класстарды ұйымдастыру және өткізу, университетте жаңа немесе жаңартылған модульдердің аккредиттелуін (немесе бекітілуін) ұйымдастырады және 2020 жылдың қыркүйегінен пилоттық оқытудың уақытында басталуына жауапты;
  • Кошен Б.М., а.ш.ғ.д., «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының профессоры. Жобада атқаратын қызметі: оқу модульдерінің/бағдарламаларының жаңартылуына ұсыныстар дайындауға, жаңа зертхана үшін құрылғылар іріктеуге және біліктілікті арттыру курстарының тақырыптарын дайындауға, дәлме-дәл егіншілік технологияларының аппараттық орындалуын ғылыми жүргізуге, дәлме-дәл егіншілік саласындағы стейкхолдерден келген материалдар мен анкеталарды сараптау мен өңдеуге жауапты;
  • Омаров Ж.Ж., «Шағала агро» ЖШС генералды директоры. Жобада атқаратын қызметі: жобаның нәтижелерін тәжірибелік сынауға, оқу әдістемелік құжаттардың маңыздылығын, жаңалығын және тәжірибелік маңызын сапалы бағалау;
  • Ахметов М.Б., магистр, «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы. Жобада атқаратын қызметі: жоба бойынша мақалаларды, үлестірме материалдарды, ақпараттық стендттерді әзірлеу, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ сайтына жобаның нәтижелері бойынша мәліметті орналастыру,   Web-платформаны жаңарту үшін фото-, видео материалдарды жинау, түлектермен байланыс;
  • Мустафина А.Б., ПР-17 тобының студенті. Жобада атқаратын қызметі: жобаның мақсаты мен міндеттерін студенттерге түсіндіру, офисте жоба бойынша іс-қағаздарын жүргізу, әзірленген оқу модульдері/бағдарламаларды студенттердің қабылдау сапасын бағалау.

2. NICOPA жобасының орындалуының негізгі жоспарына сәйкес 2018-2021 жылдары университетте жобаны жүргізуге қажетті шаралардың жоспары әзірленді. 

3. Жобаны жүзеге асыратын мақсатты факультеттер мен кафедралар анықталды. Бұл Инженерлік және сандық технологиялар факультеті және Агротехнологиялық факультет. Кафедралар: «Энергетика және радиоэлектроника», «Көлік және машина жасау», «Агрономия және орман шаруашылығы» және «Физика».

4.  NICOPA жобасын орындау үшін 6 мамандық таңдалып алынды (қос деңгейлі оқу бағдарламалары):

  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
  • Приборлар жасау;
  • Физика;
  • Физика және астрономия;
  • Агрономия;
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы.

Жауаптылар тағайындалды – кафедралардың алдыңғы қатарлы оқытушылары. 

5.  Сараптама жасауға және мамандықтар бойынша кейіңгі жаңартуға оқытылатын пәндердің тізімі құрастырылды. Бұл бакалавриаттың 9 пәні және магистратураның 10 пәні.

6.  Жоба тақырыбына жақын, оқу бағдарламасының пәндерін сараптау мен жетілдірудің графигі құрылған

7.  Европалық университтерде біліктілікті арттыруға жіберілетін оқытушыларды таңдау критерийлері жасалды, онда университетте қызмет жасау тәжірибесі, ағылшын тілін білуі және оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлей білуі ескеріледі.

8.  NICOPA жобасының маңыздылығын сараптау бойынша сауалнамалар әзірленді, сонымен қатар, қазіргі бағдарламалар мен пәндерге, студенттерге, академиялық емес серіктестерге, түлектерге жеке сауалнамалар әзірленді. Сауалнама жүргізілді.

9.  Қауымдасқан серіктестер анықталды (өндірістік, ғылыми-зерттеу ұйымдар): 

  • North-Kazakhstan agricultural experimental station (AES)
  •  "National Agrarian Scientific- Educational Centre" of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan (NASEK)
  • State Committee of the Republic of Uzbekistan on Land Resources, Geodesy, Cartography and State Cadastre (YGK)
  • Centre of Technologies of Academy of sciences of Turkmenistan (AST)
  • «Шағала агро» ЖШС

10. Шет елдік серіктес Арнольд мырзамен 2 SKYPE-конференция өткізілді. 

12. Мамандықтар бойынша жүргізілген ревью-сараптаманың негізінде, қазіргі қабылданған курстардың жетілдіруіне алып келетін актуалды тақырыптар мен жаңа пәндер анықталды.

13. Пәндерді жетілдіруге ұсынылған бағыттарға сәйкес зертханалық құрылғыларды таңдау жұмыстары жүргізілуде.

NICOPA _Presentation


ЖОБА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


Жарияланым Еуропалық Одақтың ЭразмусҺ бағдарламасы аясында әзірленді және авторлардың пікірлерін қамтып көрсетеді. Атқарушы Агенттік пен Еуропалық Комиссия осы бүктемеде қамтылған ақпараттың кез келген пайдаланылуы үшін жауапты емес.