Түсу шарттары

Магистратураға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде магистратураға түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Өтініштер шілде айының 10-нан бастап 30-на дейін қабылданады.

Магистратураға түсу емтихандары тамыздың 10-нан бастап 20-сына дейін өткізіледі.

Оқуға қабылдау - тамыздың 25-не дейін.

Жоғары оқу орнынан кейін білім алу үшін қажетті құжаттар тізімдемесі

  • Ректордың атына жазылған өтініш;
  • жоғары білімі туралы құжаттаың көшірмесі;
  • шетел тілі бойынша тест тапсыру туралы (болған жағдайда) сертификат көшірмесі:
    • ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460 ұпайдан кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шектік ұпай - 87 ұпайдан кем емес), (TOEFL, шектік ұпай - 560 ұпайдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, шектік ұпай - 6.0 ұпайдан кем емес);
    • неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
    • француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI - оқылым және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du franзais (TCF - 400 ұпайдан кем емес)
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет;
  • 086У үлгісіндегі медициналық анықтама;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болса).

Магистратураға оқуға түсу сауалдары бойынша мына мекен-жайға жолығыңыз: Абай к-сі, 9, 2 корпус, 216 каб. Тел.: +7 (7152) 494042, ішкі 1300.