Информатика саласындағы PhD докторанттар мен жас ғалымдарға арналған алдыңғы қатарлы орталық (ACeSYRI)

   

2020 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасы "Advanced Centre for PhD students and young researchers in informatics"-"Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған алдыңғы қатарлы орталық" (ACeSYRI) атты жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру бағдарламасы (Erasmus+ K2) шеңберінде Еуропалық Одақ және Қазақстан елдерінен 12 институттың консорциум мүшесі ретінде ғылыми зерттеулерге кірісті.

Жоба аясында Қазақстанның докторанттары, жас зерттеушілері мен университет профессорлары арасындағы ынтымақтастықты алға жылжытатын портал мен орталық құрылады. ACeSYRI порталы қатысушыларға зерттеу топтарын құруға, шет елдердің ғылыми серіктестерімен ынтымақтастық орнатуға және ақпарат пен жоба нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік береді. ACeSYRI порталын пайдалану Еуропалық Одақтың серіктес елдерінің университеттері мен компанияларының студенттері мен жас зерттеушілері үшін ақысыз және қол жетімді болады.

Бұл жобаның мақсаты - Еуропалық Одақ университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы қазақстандық университеттердің жас зерттеушілері мен магистранттарының информатика саласындағы ғылыми зерттеулеріне жағдай жасау.

Жобаның ресми сайты acesyri.eu

Жобаға Еуропалық Одақ елдерінен келесі институттар қатысты:

Қазақстанда жобаға келесі ұйымдар тартылды:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (Астана, Қазақстан)
  • Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Алматы, Қазақстан)
  • Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы, Қазақстан)
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал, Қазақстан)
  • Назарбаев Университеті (Астана, Қазақстан) 
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда, Қазақстан)
  • М.Қозыбаева ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл, Қазақстан)
  • «Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар одағы (Алматы, Қазақстан)
  •  Сулейман Демирел Университеті (Каскелен, Қазақстан)

Жобаны іске асырудың негізгі бағыттары: информатика саласындағы алдыңғы қатарлы білімнің «Информатика, есептеу техникасы және менеджмент», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» саласындағы білім беру бағдарламаларына докторлық бағдарламаларды талдау және енгізу; жаңа әдебиеттерді әзірлеу, басып шығару және алу. Бұдан әрі Еуропаның жетекші университеттерінің оқытушылары үшін жобаның қаржылық ресурстары есебінен Қазақстанның әр серіктес университеттерінде Интернет платформасын және информатика саласындағы жас зерттеушілерге арналған озық орталық құру жоспарланған.

Басылым Еуропалық Одақтың Эразмус + бағдарламасының аясында әзірленді және авторлардың көзқарастарын көрсетеді. Атқарушы агенттік және Еуропалық Комиссия осы құжаттағы ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бермейді.