Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық – білім алуға қатысы бар біреуді белгілі бір кезеңге (әдетте бір жылға дейін) оқу, оқыту немесе зерттеу жүргізу үшін басқа білім беру мекемесіне (өз елінде немесе шетелде) ауыстыру, одан кейін оқушы, оқытушы немесе зерттеуші өзінің негізгі оқу орнына қайтарылады. Бұл ұғым шет елдегі оқу (жұмыс) мерзіміне немесе көшіп кетумен байланысты емес. (1996 ж. Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті).

Академиялық ұтқырлық М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың халықаралық қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және білім беру сапасын жақсартуға, білім алушылар мен оқытушылардың кәсіби, мәдени және білім деңгейін арттыруға, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға және университет беделін нығайтуға ықпал етеді.

Біздің студент бола отырып, сіз шетелде, сондай-ақ М. Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында өткізілетін халықаралық конференциялар мен семинарларға қатыса аласыз. Жыл сайын біз университетімізге мастер-класс, дәріс және сабақ өткізу үшін шетел лекторлары мен профессорларын шақырамыз. Біздің университеттің көптеген шетелдік серіктес жоғары оқу орындары бар және академиялық ұтқырлық құқығын жүзеге асыру үшін біз сізге Германия, Франция, Голландия, Польша, Финляндия, Болгария, Англия және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында сіздің оқу жоспарыңызға ұқсас пәндерді меңгеру мүмкіндігін бере аламыз.

Академиялық алмасулар М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен серіктес ЖОО арасындағы шарттарға, халықаралық компаниялармен келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Барлық факультеттерден студенттер қызықты бағдарлама таба алады. Университеттің академиялық ұтқырлық бөлімі студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасының түрін таңдауда және серіктес ЖОО-да барлық көмек көрсетеді. Академиялық ұтқырлық бөлімінің қызметкерлері академиялық ұтқырлық бағдарламасының барлық түрлері бойынша өтінімдер мен құжаттарды ресімдеуге және дайындауға тікелей қатысады және Бағдарламаға қатысу шарттары туралы барлық ақпаратты иеленеді. Егер Сіз "үздік" деген бағаға оқысаңыз, шет тілдерінің бірін меңгересіз және біздің университеттің ғылыми, қоғамдық және халықаралық өміріне белсенді қатысатын болсаңыз, Сіз халықаралық бағдарламалардың қатысушысы бола аласыз. Ұтқырлық және келісім-шарт жасау шарттары мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін Сіз М. Қозыбаев атындағы СҚУ Академиялық ұтқырлық және интернационализациялау орталығымен байланысып, барлығын тікелей университет қызметкерлерінен біле аласыз.