Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: День национальной одежды

День национальной одежды әрі қарай оқу

18 наурыз 2025
ТЭҚФ: 100-летие Е.А.Букетова

100-летие Е.А.Букетова әрі қарай оқу

18 наурыз 2025
ТЭҚФ: Көрісу күні құтты болсын!

Тарих, экономика және құқық факультетінде Көрісу күні мерекесі өтті әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: Открытие Open Historical library

Бүгін тарихи кітапхананың ашылу салтанаты өтті әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: Студенты ФИЭП приняли участие в национальной игре «Бөрік теппек»

Студенты ФИЭП приняли участие в национальной игре «Бөрік теппек» әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-де «MISS TEACHER» байқауы өтті

2025 жылдың 6 наурызында «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мiss TEACHE әрі қарай оқу

06 наурыз 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-те Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының бұрышы ашылды

2025 жылғы 5 наурызда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің кітапханасында Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының ақпараттық б әрі қарай оқу

06 наурыз 2025
МФ: Мәңгілік ел - менің елім!

Алғыс айту күнін тойлау соңында 28.02.2025 жылғы ОЗК-дағы медицина факультеті «Мәңгілік ел - менің елім!» квестін ұйымдастырды, Квестке фа әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
МФ: Check out - Өзіңізді тексеріңіз!

28.02.2025 жылы № 2 ҚК-де Алғыс айту күніне орайластырылған «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары В.Н.Мальвенов, М.И.Әлиева және 7 әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
Барлығын оқу

Оқуға түсу шарттары

Оқуға түскенге дейін

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

1-қадам. Өтініштерді қабылдау

Мерзімдері

Докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы мынадай мерзімдерде жүргізеді:

  • 3 шілдеден 3 тамызға дейін;
  • 25 қазаннан 10 қарашаға дейін.

Өтініш беру жөніндегі Нұсқаулық

Докторантураға «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» Білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттарына түсетін адамдар, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары бойынша блок тапсырады, стандартталған Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификат болған жағдайда эссе жазудан және докторантураға оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен босатылады.

Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар адамдар түсу емтиханына және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.

Қабылдау комиссиясы:

Мекен-жайы: Петропавл қ., Жұмабаев к-сі, 114, №6 оқу корпусы, ауд. 118
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7152) 493037
Жұмыс режимі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, құжаттарды қабылдау кезеңінде - демалыссыз

Құжаттар тізімі:

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде);
  3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  4. шетел азаматтарын қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
  5. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
  • Ағылшын тілін білу бойынша: 
    • International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл – кемінде 5.0; 
    • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 35 балл; 
    • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл – кемінде 417;
    • TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл – кемінде 550;
    • Duolingo English Test, шекті балл – кемінде 80. 
  • Неміс тілін: 
    • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) - B1 деңгейінен төмен емес; 
    • TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) - B1 деңгейінен төмен емес; 
  • Француз тілін: 
    • Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес; 
    • Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) - B1 деңгейінен төмен емес; 
    • Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - B1 деңгейінен төмен емес; 
    • Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – B1 деңгейінен төмен емес.

6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
7. өлшемі 3x4 сантиметр болатын алты фотосурет;
8. шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі, зерттеу жүргізу жоспары (бар болса);
10. алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша);

! 4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады. 

! Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.

Докторантураға түсу үшін ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған қосымша тестілеуге қатысу үшін тіркеу  app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

2-қадам. Қабылдау емтиханы

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

  • күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;
  • күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.

4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды; 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) беріледі, оның ішінде:

  1. докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (бұдан әрі – ТМО) - 50 минут;
  2. білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша эссе және емтихан сұрақтарын жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Компьютерлік форматтағы докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан тұрады (max 100 балл):

  1. эссе жазу (10 ұпай);
  2. докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (бұдан әрі – ОДТ, 30 балл);
  3. білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар (40 балл);
  4. емтихан комиссиясы өткізетін оқуға түсушімен әңгімелесу (20 балл).

Әңгімелесу бағдарламасы

Қорытынды баға эссені бағалау нәтижелерін, докторантурада оқуға дайындық тестін, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру және оқуға түсушімен әңгімелесу қорытындыларын жинақтау арқылы алынған баллдар жиынтығы болып табылады. 

Докторантураға түсетін адамдар үшін әңгімелесу «Эссе жазу», «ОДТ» және «Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар» блоктары бойынша түсу емтихандарын өткенге дейін онлайн форматта жүзеге асырылады.

3-қадам. Қабылдау

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

  • 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
  • 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

Адамдарды докторантураға қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинаған халықаралық сертификат негізінде жүзеге асырылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, докторантураға қабылдау кезінде басым құқықты білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша түсу емтиханының неғұрлым жоғары бағасы бар адамдар алады.
Содан кейін эссе үшін ұпайлар, оқуға дайындық сынағы үшін ұпайлар, білім беру бағдарламасының профиліне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі:

  • ғылыми жарияланымдар, оның ішінде соңғы 3 күнтізбелік жылдағы Clarivate Analytics компаниясының Web of science дерекқорының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдарда; 
  • ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер;
  • ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар;
  • ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар / дипломдар.

Докторантураға түсетін адамдардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына түсушілердің жеке өзіне немесе ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

Өтініштер докторантураға түсу емтиханының, шығармашылық емтихандардың және КТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00 - ге дейін қабылданады және өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиясымен қаралады.