М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттеріне арналған СЖД спорт клубының спорттық жетілдіру топтары мен дене шынықтыру-сауықтыру топтарының оқу-жаттығу сабақтарының кестесі
Университетте жаппай спорттық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті база бар. Қазіргі уақытта 3 спорт залы (олардың ішінде 2 ойын залы, 1 гимнастикалық зал), 3 жаттығу залы, 1 күрес залы, гір залы, тир, жүзу бассейні, коньки және шаңғы базасы, шағын футбол ойнауға арналған спорт алаңы жұмыс істейді. Жыл сайын жаппай спорттық жұмыстарды жүргізу үшін және ЖОО-ның құрама командасы қысқы және жазғы универсиадаларға қатысу үшін спорт құрал-жабдықтары мен киім-кешектері жаңартылады.
Университетте студенттердің денсаулығын нығайтуға және ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы арасында салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған жаппай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жыл сайын мынадай жаппай спорттық іс-шаралар өтеді:
10 спорт түрі бойынша спорттық және денсаулықты сақтау үйірмелері жұмыс істейді.
Университеттің спорттық студенттер құрамасы алуан түрлі спорт түрлері бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілетін қысқы және жазғы Универсиадалрға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.