Жатақханада тұрған студенттерге арналған спартакиада

Жарыстарды әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлім, студенттік  профком  және дене шынықтыру мен туризм  кафедрасы өткізеді. Спартакиаданың  бас төрешісі Исатаев Е.Б., бас хатшысы – Моргунов Т.А. болып тағайындалады. Тікелей басшылық ету тәрбие жұмыстары бөлімімен бекітілген бас төрешілер алқасына жүктеледі. Барлық даулы сұрақтарды спартакиаданың  бас төрешісі шешеді. Наразылық спорт түрі аяқталған соң бір сағаттан кеш емес уақыт арасында жарияланады. Үзілді-кесілді қарар  жарыстардың бас төрешісінің  шешімі. Төрешілер алқасы жарыстарды ұйымдастырады, әр спорт түрінің өту уақыты, тәртібі мен ережелері талданатын жатақханалар мен төреші арасындағы  жиналысты өткізеді.     

Команданың қатысушылары

Жарыстарға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жатақханаларының  алдын ала дайындықтан өткен және дәрігердің рұқсатын алған барлық студенттері қатыса алады. №1,2,3, және №4 жатақханалар командасы (оқытушылар, қызметшілер мен студенттер).

Ескерту: №4 жатақхана конкурстан тыс қатысады.

Бағдарлама мен өткізу мерзімі

Спартакиада университет жатақханаларының құрама командалары арасында 10 спорт түрі бойынша өтеді.

Спорт түрі Мерзімі Бас төрешілер
Волейбол Қазан Моргунова Т.А.
Шахмат Қараша Исатаев Е.Б.
Баскетбол Қараша Шитов А.С.
Шаңғы жарысы Желтоқсан Кузьменко Д.Ю.
Тоғыз-құмалақ Желтоқсан Кусаинова А.М.
Стол үсті теннисі Желтоқсан Гоненко С.В.
Гір спорты Наурыз Глывяк А.
Бокс Сәуір Исатаев Е.Б.
Арқан тарту Сәуір Турмаков Ж.А.
Футбол Мамыр Исатаев Е.Б.

Шарттары мен есебі  

Университет жатақханалары арасындағы спартакиаданың жеңімпаз-командасы барлық түрлер бойынша ең аз ұпай жиынтығы бойынша анықталады. 1-ші орын үшін – бір ұпай, 2-ші орын үшін – екі ұпай, 3-ші орынға – үш ұпай және т.б. Бір немесе бірнеше спорт түрлерінен командалар қатыспаса, ұпай қатысушылардың соңғы алынған орны бойынша есепке алынады және үш айыптық ұпай қосылады. Ұпайдың жиынтығының тең болу жағдайында артықшылық ең көп бірінші орны бар  командаға беріледі. Спорт түрлері бойынша жарыстардың өту тәртібі команда өкілдерінің қатысуымен бірге өтетін төрешілер алқасының отырыстарында бекітіледі.

Волейбол

Әр жатақхана бір ерлер және бір әйелдер командасын ойынға шығарады. Ойындар үш партиядан айналу жүйесімен өтеді. Жеңіс үшін команда 2 ұпай, жеңілгені үшін - 1 ұпай, қатыспағаны үшін – 0 ұпай алады.

Шағын футбол

Әр жатақхана ойынға бір  команда шығарады. Ойындар айналу жүйесімен өтеді. Мәлімделген құрам шектелусіз, ауыстырулар саны да шектелусіз.
Негізгі құрам: 5 алаңда, +1 қақпашы (жеңіс – 3 ұпай, ничья – 1, жеңілу – 0).

Стол үсті теннисі

Команда құрамы: 4 адам: 2 жігіт, 2 қыз. Ойындар 3 партиядан тұрады. Командалық кездесулер 3 дара кездесулерден тұрады. Жеңімпаз бойынша ең көп ұпай жиынтығы бойынша анықталады.   

Арқан тарту

Команда құрамы: 5 жігіт, 3 қыз. Ойындар айналу жүйесімен өтеді. 

Шахмат

Жарыстар жеке командалық.
Құрамы: 3 адам (2 жігіт, 3 қыз). Жарыстар қазіргі ережелер бойынша өтеді.

Тоғыз-құмалақ

Команда құрамы: 4 адам (ер, әйел жынысының қайсысы болса да). Жарыстар қазіргі ережелер бойынша өтеді. Жеңімпаз   бойынша ең көп ұпай жиынтығы бойынша анықталады.   

Гір спорты

Жарыстар эстафеталық түрде өтеді. Команда құрамы: 5 адам. Салмақ категориялары есепке алынбайды. Спортшылар 16 және 24 кг гірлермен шығады, екі гірді кеудеден «жұлқи көтеруін» 1 минут бойы орындайды. 24 кг гірмен жұмыс жасағанға коэффициент – 2 ұпай. 24 кг гірмен жұмыс жасағанға коэффициент – 2 ұпай. Ұпай саны команда мүшелерінің жалпы көтеруілерінің саны бойынша есептеледі. Ең көп ұпай жинаған команда 1 орын және т.б. ие болады.

Жеңімпаздардың марапатталуы

  1. Бірінші жалпы командалық орынға – ауыспалы кубок, ректордың грамотасы және бағалы сыйлықтар.
  2. Екінші орынға – ректордың грамотасы және сыйлық.  
  3. Үшінші орынға – ректордың грамотасы және сыйлық.  
  4. Спартакиадаға қатысушылар – жеке командалық есеп бойынша жеңімпаздар грамота және   сыйлықпен марапатталады.

Спорт түрлері бойынша 1, 2, 3 орын алған командалар кубок (1 орын үшін) және әр дәрежеге сәйкес дипломдармен марапатталады.