Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

7M05101 Биология 

Факультет Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті (МжЖҒФ)
Кафедра Биология (Б)
Білім беру саласының коды және жіктелуі 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі 7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы М080 Биология
Білім беру бағдарламасының атауы 7M05101 Биология 
Аккредиттеу Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Негізгі
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі 1.Биология саласында іргелі білімдерге ие, өмір бойы өзін-өзі оқытуға қабілетті.
2.Биология саласында зерттеу қызметін тиімді орындау үшін конструктивті өзара әрекеттесуге, шешім қабылдауға қабілетті.
3.Қазіргі биологиялық зерттеу технологияларын пайдалану барысында ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін цифрлық құзыреттілік танытады.
4.Биологиялық ғылым саласында ғылыми ізденісті ұйымдастыру барысында креативтілікті, шығармашылық қабілетті және созидалық әлеуметтік белсенділікті көрсетеді.
5.Әртүрлі тілдік ортада қарым-қатынас жасайды, ғылыми-зерттеу қызметі барысында тарихи және мәдени мұраға құрметпен, толеранттылықпен қарайды.
6.Елдің әрбір азаматының өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға қатысады.
7.Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және тұрақты даму идеяларын қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті, күрделі ғылыми мәселелерді шеше алатын, жалпы мәдени, негізгі, жалпы кәсіби құзыреттерге ие, жаратылыстану ғылымдары саласында және биолог-зерттеушінің кәсіби құзыреттеріне ие тұлғаны қалыптастыру.
Білім деңгей Магистратура (Ғылыми-педагогикалық)
Берілетін дәреже жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Кәсіптік қызмет саласы (ЭҚЖЖ бойынша секция) Ауыл, орман және балық шаруашылығы (Секция A)
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (Секция M)
Білім (Секция P)
Кәсіптер тізімі Зертханашы
Кіші ғылыми қызметкер
Ғылыми қызметкер
Мұғалім. Білім менеджері
Мұғалім. ЖОО мұғалімі
Мұғалім. Колледж мұғалімі
Мұғалім
Ғылыми-зерттеу, өндірістік, әкімшілік, сараптамалық, табиғатты қорғау мекемелері ғылыми тобының жетекшісі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы табиғатты пайдалану маманы
Аға зертханашы
Кәсіби қызмет түрлері Ғылыми-зерттеу
Білім беру
Ұйымдастыру-технологиялық
Ұйымдастырушылық-басқарушылық
Педагогикалық
Табиғат қорғау
Жобалау
Жобалау-технологиялық
Өндірістік-технологиялық
Эксперименттік-зерттеу
Кәсіби қызмет объектілері ЖОО, колледждер, гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттары; қаумалдар, хайуанаттар парктері, өсімдіктерді қорғау станциялары, санитарлық-эпидемиологиялық және обаға қарсы станциялар, селекциялық және сорт сынау станциялары, ботаникалық бақтар, дендрарийлер, табиғат мұражайлары; ғылыми-өндірістік, жобалау және геоботаникалық мекемелер; аудандық және облыстық әкімдіктер жанындағы Экология басқармалары мен бөлімдері; салалық зертханалар, бөлімшелер, секциялар, секторлар, республикалық табиғат қорғау ведомстволарының департаменттері; ғылыми-зерттеу, өндірістік, медициналық, ауыл шаруашылығы, фармацевтикалық, әкімшілік, сараптамалық, табиғатты қорғау мекемелері және т. б.
Бағдарламаның ерекшеліктері -
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
Оқу кезеңі Магистратурада оқу мерзімі игерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады, ғылыми-педагогикалық магистратура және МВА бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаудың негізгі критериі білім алушының магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті игеруі болып табылады.
Оқыту тілі Қазақ
Орыс
Кредиттер/сағаттар көлемі (кем емес) 120/3600
Алдыңғы білім деңгейі жоғары білім
жоғары арнайы білім
Бағдарлама менеджері Галактионова Елена Владимировна
ББ Кәсіби стандарт/салалық
біліктілік шеңбері негізінде әзірленді
Ұлттық біліктілік шеңбері 16.03.2016ж. бекітілді (КС)
"Аңшылық шаруашылығын жүргізу" Кәсіби стандарты "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының міндетін атқарушының 30.05.2023 Ж. №100 бұйрығына № 1 қосымша (КС)
"Гидрометеорология және экология" кәсіби стандарты "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының міндетін атқарушының 01.09.2023 ж. № 136 бұйрығына №79 қосымша (КС)
Возможность получения
второго диплома
УВВ - "Молекулярная биология и биотехнология"

Білім беру бағдарламасы бойынша пікір / ұсыныс қалдыруыңызды сұраймыз