11 қазан күні Агротехнологиялық факультетінде Ұлттық спорт түрі «Тоғыз құмалақ» бойынша турнир өткізілді.
«Тоғыз құмалақ» - ежелгі түркілерде қасиетті саналатын 9 саны негізге алынған ежелгі қазақ үстел ойындарының бірі. Ғылыми әлемде оны «көшпенділер алгебрасы» деп атаған, өйткені ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық әрекетті қолдануы керек. Ойын санау жылдамдығына ғана емес, тактикаға да негізделген. «Тоғыз құмалақ» ойыны төрт-бес сағатқа созылуы мүмкін. Бұл ойын ежелгі уақытта да танымал болған, ойыншылар ойын тақтасы болмаса да, жерде ойнауға арналған тесіктерді қазып ойнаған, біздің уақытта да, біртіндеп жыл сайын оның жанкүйерлерінің саны артып келеді.
Турнир қорытындысы:
1 орын: Еслям Толебек, А-19к тобы;
2 орын: Губская Татьяна, ТПП-21 тобы, Бостандық Гүлжайна, ТПП-21к тобы;
3 орын: Ергеш Қымбат, ЛРЛ-21к тобы, Ануарбек Алишер, ТПП-21 тобы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз! Финалистер «Рухани Жаңғыру» жүзеге асыруға арналған студенттер Спартакиадасы аясында өткізілетін университеттік жарыста факультетті ұсынатын болады.