20 жыл ішінде жоғары білікті заңгерлер, мемлекет қызметті құқықтық жағынан қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылықты қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін атқарушы билік органдарда қызмет етіп жатқан жүздеген түлек түлеп шықты.
«Құқық пәндері» кафедрасы жыл сайын өз біліктілігін арттырып, профессор-оқытушылар құрамы үнемі оқыту жүйесінің жаңа формалары мен әдістерін ізденіп келеді. Қазіргі таңда ғылыми зерттеудің түрлі бағыттары бойынша ғылыми студенттік қоғамдардың әдістемелік секциялары жұмыс істейді. Кафедра көптеген құқық қорғау ұйымдарымен тұрақты ынтымақтастықты қолдайды, сондай-ақ, СҚО Ішкі істер департаментімен тығыз жұмыс істейді.
Кафедраны мерейтойымен құттықтауға педагогикалық еңбек ардагерлері келді. Бүгінде білім алушылардың мүмкіндіктері үшін барлық жағдай жасалғанын мақтанышпен айтуға болады.
Мерекелік шара соңында оқытушылар мен студенттер кафедраның оқу ғылыми және қоғамдық өміріне қосқан елелеулі үлестері үшін құрмет грамоталармен марапатталды.