Қозыбаев университетінде биылғы оқу жылында жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кездесуді инновациялар, интернационалдандыру және трансформация мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі Дәмелі Мектепбаева мен ЖҒК төрағасы Павел Петров ашты.
Қатысушылар кеңестің жаңа құрамымен танысып, жаңа оқу жылындағы жұмысқа қатысты бірқатар тақырыптарды талқылап, алдағы уақытқа жоспарлар құрастырды. Сондай-ақ, күн тәртібінде ЖҒК ережесін түзету, білім алушылар мен жас ПОҚ үшін жүлде қоры бар байқаулар өткізуді жоспарлау мәселелері талқылады.
Бүгінгі таңда университеттің жас ғалымдар кеңесінің құрамына 13 адам кіреді. Олар инженерия, IT, агротехнология және басқа да салаларда бірқатар ғылыми жобаларды іске асырып келеді.